Get Mystery Box with random crypto!

Оңай торт Қажетті заттар: Ұн – 1 стакан (200 г) Секер | Асхана алемі

Оңай торт

Қажетті заттар:

Ұн – 1 стакан (200 г)
Секер (сахар) – 1 үлкен қасық
Майонез – 1 пачка (200г)
Жұмыртқа – 3 дана

Кремге:

Қаймақ
Секер

Дайындау жолы:

Бірінші 3 жұмыртқаны, секерді салып жақсылап араластырамыз. Содан соң, оған майонезді салып араластырамыз.Біркелкі массаға 1 стакан ұнді салып, түйіршікті жойып жақсылап араластырамыз. Қоймалжың масса шығу қажет.

Пісіретін табаға, сарымайды жақсылап жағып, жанағы массаны құямыз. Газдың духовкасына, жай отта пісіреміз. Бисквитіміз дайын болғанша кремді жасаймыз. Қаймақпен секерді жақсылап араластырамыз.
Бисквит пісті.

Енді осы бисквитті 2 коржге бөлеміз. Содан соң, кезектен екі коржге кремді жағамыз.Содан соң қайтып біріктіреміз. Енді тортымыздың үстін әдемілеуге кірісеміз. Үстіне крем жағамыз. Теркадан шоколадты өткіземіз. Міне тортымыз дайын.

Ас болсын!!!