Get Mystery Box with random crypto!

Кеш жарық Сұлуларым Кешкі асқа арналған котлеттің рецебін қа | Асхана алемі

Кеш жарық Сұлуларым

Кешкі асқа арналған котлеттің рецебін қағып алыңыздар

Соусқа:
Қызанақ 2 шт.
Сарымсақ 3 тісше.
Майонез 3 ас қасық.

Котлетке:
Фарш 1 кг.
Пияз 2 шт.
Жұмыртқа 1 шт.
Тұз дәміне қарай.
Қара бұрыш пен дәмдеуіштер.
Батон нан немесе ақ нан 1-2 шт сүтке малынған.

Картоп.

Жасалуы:
Фаршқа ұсақтап туралған пияз, сарымсақ, жұмыртқа мен нан, тұз-бұрыш дәмдеуіштер барлығын қосып араластырып котлеттерді формаға келтіреміз.
Соус дайындаймыз: қызанақты блендермен ұсақтап, сарымсақ пен майонез, тұз қосып араластырамыз.
Картопқа аздап соус қосып араластырып формаға жайғастырамыз, үстіне котлеттерді қойып соусты құйып, бетін фольгамен жабамыз.
180-200 С дайын болғанша пісіреміз. Дайын болуға 10 мин қалғанда фольганы алып тастап котлетті қызарғанша пісіріп аламыз.