Get Mystery Box with random crypto!

Голубцы Рецепт: фарш күріш пияз тұз, бұрыш Алдымен | Асхана алемі

Голубцы

Рецепт:
фарш
күріш
пияз
тұз, бұрыш
Алдымен күрішті 2-3 сағат бұрын жуып, суға салып қойдым.
Пиязды майдалап турап (кубик), фаршпен, тұз, бұрыш, күрішпен араластырып қойдым.
орташа орамжапырақ
картоп
сәбіз
пияз
томат
тұз,бұрыш

Енді орамжапырақты алып, тазалап, жапырақтарын бөліп ыстық суға саламыз. Жапырақтары жұмсарғанда ішіне фарштан салманы орап қоямыз.
Егер мүмкін болса шеттерін жауып қоюға тырысыңыз. Жабылмаса ештеңе етпейді
Құрғақ қазанға ең астына орамжапырақтың кесілген қалдықтарын төсейміз.
Оның үстіне голубцыларды қойып шығамыз (ең астына жапырағы қаттылауын қоямыз)
Мен ортасына бір болгар бұрышын толтырып салып жібердім.
Оның үстіне пияз, сәбіз, картопты турап қойып шығамыз.
Тұз, бұрыш қосуды ұмытпаңыздар:)
Бәрін салып болған соң, жаңа орамжапырақ қайнаған суды 3-4 қасық томатпен араластырып, қазанға құямыз.
Су қазанның ортасына дейін бару қажет (яғни голубцыдан асып, бірақ картопқа жетпей тұру керек, әйтпесе сорпа болып кету мүмкін)