Get Mystery Box with random crypto!

Қызанақ жəне сырмен пісірілген кабачки Өте дəмді тағам | Асхана алемі

Қызанақ жəне сырмен пісірілген кабачки
Өте дəмді тағам

Қоспалары:
— 1–2 қызанақ
— 200–250 г кабачки
— 1 болгар бұрышы
— 3 ас қасық қаймақ
— 2 ас қасық сүт
— 1 жұмыртқа
— 30 г қатты сыр
— тұз, бұрыш, басқа да дəмдеуіштер қалауыңызша

Дайындалуы:

Кабачки мен қызанақтарды жуып, онша қалың емес дөңгелек етіп тураңыз. Бұрыштың дəндерін тазалап, оны да тураңыз. Оларды пісіретін қалыпқа салып, суреттегідей орналастырыңыз.

Тұз, бұрыш себіңіз. Қаласаңыз хош иісті шөптер қоссаңыз болады. Көкөністердің үстіне қаймақ құйып, үгкіштен өткен сыр қосыңыз.


Жұмыртқа мен сүтті араластырыңыз, сосын оны көкөністерге құйыңыз. Тағамды 180 градус ыстықта 30-35 мин пісіріңіз.