Get Mystery Box with random crypto!

Картопты рулет 3 тал ірі картоп 2 жұмыртқа тұз, қара бұры | Асхана алемі

Картопты рулет

3 тал ірі картоп
2 жұмыртқа
тұз, қара бұрыш

Ішіне:
1 ірі қызанақ
1 сәбіз
1 пияз
Картоптарды ірі үккіштен өткізіп, жұмыртқамен араластырамыз. Татымына қарай қара бұрыш және тұз қосамыз. Енді ыдыстың астына қағаз төсеп, май жағып, қатоптарды тегістеп жаямыз. 20 минутқа пешке қоямыз.
Қыздырылған майға пияз бен сәбізді, қызанақты қуырып, тұз саламыз.
Қартоп піскен соң, пештен шығарып, үстіне сәбіз қуырмасын тегістеп жайып, рулет ретінде ораймыз. Ішіне фарш та салуға болады, енді оны өзіңіздің қалауыңыз білсін.