Get Mystery Box with random crypto!

Қарапайым жұмсақ булочки Құрамы жылы сүт (ысытып алу кере | Асхана алемі

Қарапайым жұмсақ булочки

Құрамы
жылы сүт (ысытып алу керек) 600-700 гр
сары май /маргарин 80-100 гр
тұз 1 шай қасық
қант (өз қалауыңыз бойынша, мен 70-80 гр шамасында қостым)
ашытқы 1 ас қасық
ұн 1 кг шамамен (+,-) орташа жұмсақ қамыр иленгенше

Ортасына салмасы
сары май (ерітілген)
мак
қант

Бетіне
жұмыртқа

180С қызып тұрған пеште 25 мин шамасында асты үстін қызартып пісіріп аламыз.

Макты ұнатпайтындар, корица, жаңғақ неше түрлі өзіңіз ұнататын қоспаны қосып жасай беруге болады

Видеода ыстық сүтке майды толықтай ерітіп алдым, суыған соң барып жылы күйінде ашытқы қостым өйткені ыстық күйінде ашытқы қоссаңыз қамырыңыз көтерілмей қалуы мүмкін.

Ас болсын