Get Mystery Box with random crypto!

АҒЗАДА ҚАНДАЙ ПАРАЗИТТЕР БАР ЕКЕНІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ? | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

АҒЗАДА ҚАНДАЙ ПАРАЗИТТЕР БАР ЕКЕНІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Паразиттер, гельминттер (дөңгелек құрт, описторхоз, трихинеллез, эхинококкоз, альвеококкоз және басқа да көптеген түрлері) адам ағзасында асқазан - ішек жолдарында, өкпеде, мида, бауырда және басқа органдарда өмір сүре алады.

Оларды анықтау әдістері, сәйкесінше, әртүрлі болады. Ішекте өмір сүретін гельминттерді нәжіс талдауында немесе колоноскопия кезінде дәрігер тоқ ішекке эндоскоп түріндегі арнайы бейне техникасын енгізіп, қуыс мүшелерді ішінен тексергенде анықтауы мүмкін. Бауырда өмір сүретін паразиттер, мысалы, эхинококк, бауырдың КТ (немесе бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі) арқылы анықталуы мүмкін. Сонымен қатар паразиттердің өкпе мен миға орналасқан кезінде визуалды диагностикалық әдістер (КТ, МРТ) арқылы көруге болады. Өкпенің зақымданғанын зертханалық зерттеуде жөтел арқылы шыққан қақырық арқылы анықтауға болады.

Сонымен қатар, дәрігерлер қандағы белгілі бір паразиттерге деген антиденелердің бар - жоғын ИФА әдісімен зерттей алады. Әрбір нақты жағдайда тексеру схемасын жалпы тәжірибелік дәрігер науқасты тікелей тексергеннен кейін шағымдардың, анамнездің және кез келген объективті белгілердің болуын ескере отырып анықтайды.