Get Mystery Box with random crypto!

Құлақ ауруы Егер баланың құлағы ауырса, ол құлақ жұқпасы б | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

Құлақ ауруы

Егер баланың құлағы ауырса, ол құлақ жұқпасы болуы мүмкін. Құлақ жұқпада ірің құлақ жарғақтың артында жиналады және ауырсынуды мен жиі қызбаны тудырады. Егер жұқпаны емдемейтін болсаңыз, құлақ жарғағы жарылуы мүмкін. Құлақ жұқпа сирек өлімге әкеліп соқтырады. Дегенмен, ол көп күндік баланың ауруын тудырады. Құлақ жұқпасы - бұл дамушы елдерде кереңдіктің негізгі себебі болып табылады, ал кереңдік оқуда қиыншылықтарға әкеледі.


Егер баланы құлақ мәселесі мазаласа, құлақта ауырсыну бар ма анықтаңыз. Құлақтан бөлінулер шыға ма және құлақ мәселесі қанша уақыт мазалайды?

Бұдан әрі балада іріңді бөлінділердің, мастоидит сияқты қорқынышты жай күй туралы куәлендыратын құлақ артында ауырсынған сезімдердің барын қарау тексеру керек.

Құлақ артында ауырсынған сезімдердің барын байқасаңыз, бұл емізік тәрізді өсіндісуін немесе мастоидитті білдіреді.Ондай жағдайда дереу жедел жәрдем шақырып, немесе ауруханаға жеткізу керек. Үйде ата- анасы парацетамол беруі тиіс.

Құлақтан іріңді бөлінділер көрінсе және бұл процестің ұзақтығы 14 күннен кем болса немесе баланың құлағы ауырса, онда жіті құлақ жұқпа туралы ойлану керек. Бұл жағдайда дереу емдеу жолын тағайындайтын дәрігерге қаралу керек. Мысалы: антибиотик және құлақ тамшылары.

Егер бала құлағынан сұйықтық бөлінсе, құлақ тамшыларынан бұрын, құлақты қолмен бұралған білтемен құрғату керек. бинтті білтеге орайсыз. Баланың құлағына білтені енгізіп, су болғанда шығарып, құлақ құрғақ болғанша таза білтелерді ауыстырып қою қажет. Құлақты қолмен бұралған білтемен құрғатуды күніне 3 рет қайталау керек.

Құлақ ауырған кезде парацетамол беру керек. 5 күннен кейін дәрігерге қайта қаралыңыз

Құлақты ешбір жағдайда сіріңкеге оралған мақтамен сүртпеңіз, өйткені өзіңіз байқамай құлақ жарғағын тесе аласыз.