Get Mystery Box with random crypto!

ЕГЕР СІЗДЕ ҚЫЗБА БОЛСА (дене температурасы 38 градустан жоғары | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

ЕГЕР СІЗДЕ ҚЫЗБА БОЛСА (дене температурасы 38 градустан жоғары):

1) Алдымен жеткілікті сұйықтық ішкеніңізге көз жеткізіңіз. Ыстықта дене қызған кезде ол ылғалдан тез айырылады. Кейде температура дененің қызуын басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де түспейді немесе шамалы төмендегеннен кейін тез көтеріледі. Көбінесе бұл қарапайым себептерге байланысты болады: денеден тер шығарып, оны буландыратын, осылайша дене температурасын төмендететін «артық» сұйықтық қалмайды.

2) Дене қызуын көтере алмау немесе ауыр ауруға төзе алмаған кезде температураны түсіретін дәрілерді қабылдаған жөн. Парацетамол немесе ибупрофен, 1 таблеткадан күніне 3 ретке дейін. Есіңізде болсын, дене температурасының жоғарылауы ол қорғаныс механизмі, бұл ағзаға қоздырғышты енгізген кездегі туа біткен иммунитеттің реакциясы. Қызба көтерілген кезде антиденелердің түзілуіне әсер ететін интерферон және басқа да биологиялық белсенді заттар бөлініп шығады. Біз температураны түсірген сайын бұл процесті белгілі бір дәрежеде баяулатамыз. Сондықтан, егер сіз әлсіздікке шыдай алсаңыз, онда дене қызуын түсіретін дәрілерді артық ішпеген жөн.