Get Mystery Box with random crypto!

ЕР АДАМНЫҢ БЕДЕУЛІГІ НЕДЕН БОЛАДЫ? Ер адамның бедеулігі түрлі | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

ЕР АДАМНЫҢ БЕДЕУЛІГІ НЕДЕН БОЛАДЫ?
Ер адамның бедеулігі түрлі факторлардан туындауы мүмкін, және, әдетте, себептерін анықтау процессі эякулят (шәуһәт) үлгісін зерттеу жолымен жүргізіледі. Маман сперматозоидтардың санын, концентрациясын, қозғалғыштығын және пішінін бағалайды. Спермограммадағы шамалы өзгерістер әрқашан бедеуліктің дәлелі бола бермейді, дегенмен, бұзылыстың қандай кезеңде болуын түсінуге көмектеседі.

Бедеуліктің ең кең тараған себептері:
аталық ұрық бездер функциясының бұзылуы (жарақат, варикоцеле, зиянды әдеттер, кейбір дәрілік препараттар, созылмалы аурулар, химиотерапия және т. б.)
аталық ұрық бездердің жұмысын реттейтін гипоталамус пен гипофиздің дисфункциясы салдарынан болатын гормоналдық бұзылыстар. Бұл бұзылыстар қатерсіз немесе қатерлі ісіктер салдарынан
сол сияқты генетикалық ауытқулар (Клайнфельтер синдромы, Y-синдром) салдарынан дамуы мүмкін.

#asvkazakhstan #сұрақжауапasvk #бедеулікasvk