Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 52.34K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2024-02-02 17:30:54 По инициативе украинской стороны состоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева и Владимира Зеленского

В ходе разговора Президент Украины выразил признательность Главе нашего государства за предоставление гуманитарной помощи по линии казахстанских общественных организаций народу его страны, а также подробно проинформировал об итогах недавней встречи представителей более 80 государств по «формуле мира» в Давосе и подготовке к очередному глобальному саммиту в Швейцарии.

Лидеры Казахстана и Украины также обсудили вопросы развития двусторонних гуманитарных и торгово-экономических связей.

t.me/aqorda_resmi
13.7K views14:30
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 13:30:32
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Наталья Годунова:

Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады. Есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді;

өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
14.7K views10:30
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 09:30:12
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Денис Шипп:

Жоғары сот кеңесінің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі, алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады:
Кеңес былтыр Мемлекет басшысы жүктеген бірқатар міндетті жүзеге асырды. Жоғары сот кеңесін институционалдық тұрғыда күшейту және судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттіктерін уақытша тоқтату немесе мүлде тоқтату мәселелерін аталған органның құзыретіне беру жұмыстары атқарылған.
Кеңестің судьяларды іріктеу тәртібін жетілдіру, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтты:
қабылданған шаралардың нәтижесінде жаңадан тағайындалған судьялардың қатарын көбейту үрдісі сақталып отыр;
былтыр судья лауазымына алғаш ұсынылған азаматтардың саны сот жүйесінен кеткендерге қарағанда 32 адамға артық болған;
гендерлік тұрғыдан әйел судьялардың саны ер адамдармен салыстырғанда 172 адамға көп. Судьялардың орташа жас мөлшері – 46 жас, ал еңбек өтілі – 13 жыл.
іріктеу барысында ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ету үшін конкурс рәсімдерін онлайн-трансляция жасау және оның қорытындысы туралы егжей-тегжейлі түсініктеме беру тәжірибесі алғаш рет енгізілді. Былтыр Парламент Сенатының қарауына енгізу үшін Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот судьяларының лауазымына үміткерлер тізімі бірінші рет балама негізде ұсынылды;
аудандық сот төрағаларын сайлауға жаңа элементтердің енгізілуіне байланысты Президентке судья лауазымына кадр резервін жасақтау институтының рөлі күшейтілгенін жеткізді;
қазіргі таңда шешім шығару барысында судьялардың заңды өрескел бұзғаны үшін күші жойылған әрбір сот актісін Сот жюриінің тексеру механизмін заң жүзінде енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге және оларды сапалы түрде іріктеуге бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
14.6K views06:30
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 06:45:04
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы

Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті.

Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді.

Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
18.3K viewsedited  03:45
Ашу / Түсініктеме
2024-02-01 09:30:08
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Нұрлан Сауранбаев:

ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берді;
соңғы үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалатынын айтты:
былтыр жүк айналымы 7 пайызға артып, 270 миллиард тонна-километрге жеткен;
транзиттік тасымалдау көлемі 18 пайызға ұлғайып, 27 миллион тоннадан асқан. Нәтижесінде компанияның кірісі өткен жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға өсіп, 1,9 триллион теңгені құраған. Компания 154 миллиард теңге таза пайда тапқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп әрі компанияның рекордтық көрсеткіші саналады.
Достық – Мойынты, Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы баяндады:
бүгінгі таңда 350 шақырымнан астам жол төселген. Аталған жобалардың іске қосылуы мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттырады.
Сиань қаласындағы құрғақ портта жүк терминалының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берді. Қытайдың ең ірі логистикалық хабында орналасқан бұл терминал елімізге қарай жүктердің тұрақты тасымалдануын қамтамасыз етеді және отандық экспорттаушылар үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады;
әлемдік Huawei, Wabtec және PSA секілді жетекші компаниялармен бірге «Ақылды теміржол» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жаңа шешімдердің енгізілуі теміржолдың өткізу қабілетін ұлғайтуға, отын шығынын азайтуға және пойыздардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру маңызды екенін атап өтіп, еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесіне баса назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
15.9K views06:30
Ашу / Түсініктеме
2024-01-31 12:30:23 Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады

Нұрлан Байбазаров:

холдингтің 2023 жылғы қызметінің нәтижесі, соның ішінде кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсету, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде есеп берді;
былтыр холдинг активінің өсімі 12 пайыз болғаны туралы баяндады. Компаниялар тобының инвестициялық және кредиттік портфелі 10 пайызға артқан. Ал таза табысы 7 пайызға жетіп, 400 миллиард теңгеден асқан;
экономиканың нақты секторын дамыту аясында «Бәйтерек» ірі жобалар мен лизингтік мәмілелерді қаржыландыру көрсеткішін 24 пайызға, микро, шағын және орта бизнестегі жобаларды қаржыландыру жоспарын 42 пайызға асыра орындаған. Қазақстанның Даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының желісі бойынша 300 жоба мен лизингтік мәміле қаржыландырылып, 1,061 триллион теңге игерілген. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Агроөнеркәсіп кешеніне 554,7 миллиард теңге инвестиция құйылып, жоспарланған көлемнен 11 пайызға асты. Сондай-ақ 2023 жылы холдингтің еншілес компаниялары арқылы құрғақшылық пен ылғалдың шамадан тыс болуынан зардап шеккен 1,1 мың фермерге 48 миллиард теңге сомасында көмек көрсетілген;
былтыр холдинг арқылы 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені жөнінде баяндады. Тұрғын үй секторына 317,6 миллиард теңге инвестиция салынған. «Отбасы банк» акционерлік қоғамының ипотекалық бағдарламалары аясында жалпы сомасы 1 триллион теңгеден астам қарыз берілген;
холдингтің 2024 жылға арналған бастамалары туралы айтты. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешені жобаларына 370 миллиард теңге инвестиция құю және 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу, өңдеу өнеркәсібін, туристік саланы қаржыландыру, қалдықтарды қайта өңдейтін және сұрыптайтын зауыттар салу, 9-20-25 тұрғын үй бағдарламасын іске қосу сияқты шаралар бар;
«Бәйтерек» холдингінің бастамаларын жүзеге асыру нәтижесінде оның ел экономикасына қосатын үлесі жыл соңына қарай 2022 жылмен салыстырғанда екі есе артатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы экономикалық өсім мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жаңа бағдарламаларды іске қосу және кешенді тәсілдерді қолдану маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар холдингтің экономиканы әртараптандыру және стратегиялық мәні зор салаларды дамыту бағытындағы жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
15.6K views09:30
Ашу / Түсініктеме
2024-01-31 10:11:09
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Мағзұм Мырзағалиев:

компанияның 2023 жылғы операциялық және қаржылық қызметінің қорытындысы туралы есеп берді;
Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту ісі жөнінде баяндады. Германияға және Әзербайжан бағытына «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры арқылы шикізат жеткізіле бастаған. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктестермен бірлесіп, танкер флотын кеңейту жұмыстары жүргізілген;
тауарлық газ өндірісін арттыру және ішкі нарыққа мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестиция тарту, мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жөніндегі айтты;
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» теңіз жобасы мен ұлттық компанияның геологиялық барлау бағдарламасының қалай жүріп жатқанын жеткізді;
«ҚазМұнайГаз» компаниясының кәсіпорындары орналасқан өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтты. «Астрахан – Маңғышлақ» магистральды су құбырын қайта жаңғырту жобасының аяқталғаны (I кезең) және Жаңаөзен қаласының қажеттілігі үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортының бағыттарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президент ұлттық компанияның мұнай-газ химиясын дамытуға бағытталған жұмысына ерекше мән беру қажет екенін айтты.

t.me/aqorda_resmi
19.2K views07:11
Ашу / Түсініктеме
2024-01-25 17:32:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары

Рабочая поездка Президента Касым-Жомарта Токаева в Алматы


t.me/aqorda_resmi
12.8K views14:32
Ашу / Түсініктеме
2024-01-25 16:30:17 Глава государства принял сооснователей компании Kaspikz Вячеслава Кима и Михаила Ломтадзе

Президент был проинформирован о результатах деятельности и перспективах развития Kaspikz.

Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе рассказали Касым-Жомарту Токаеву об успешном IPO Kaspikz на фондовой бирже NASDAQ в США. На этой бирже размещены акции ведущих технологических компаний мира, таких как Apple, Amazon, Google и многих других.

Глава государства поздравил сооснователей Kaspikz с этим достижением.

Президент также обсудил с Вячеславом Кимом и Михаилом Ломтадзе перспективы улучшения инвестиционного климата для привлечения еще большего количества ведущих мировых инвесторов в нашу страну.

t.me/aqorda_resmi
12.7K views13:30
Ашу / Түсініктеме
2024-01-24 15:00:39
Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочей поездкой в Алматы

Завтра Президент посетит ряд инфраструктурных и социальных объектов, ознакомится с планами акимата по развитию дорожно-транспортной системы мегаполиса.

Также планируется проведение совещания по вопросам сейсмической безопасности.

t.me/aqorda_resmi
13.2K views12:00
Ашу / Түсініктеме