Get Mystery Box with random crypto!

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың Ме | Aqorda 🇰🇿

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасынан:

Бизнестің қылмыстық процеске қатысын азайту үшін Агенттіктің жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Соңғы төрт жылда тіркелген істер саны екі есе кеміген.

Жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектесіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын мыңнан астам фирманың қызметі тоқтатылды.

110 заңсыз ойынхана мен алкоголь өнімін шығаратын 44 жасырын цех жойылды.

Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталды.

29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8,3 миллиард теңге көлемінде шығыны өтелді. Жалпы, қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 300 миллиард теңгеден асатын активтер қайтарылды.

Агенттік үйлестіруімен қаржыны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйеге реформа жүргізілгені жөнінде баяндалды. Бұл қолданыстағы заңнаманы халықаралық ФАТФ (FATF) cтандарттарымен барынша сәйкестендіруге мүмкіндік берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларының қызметі мен алаяқтардың қитұрқы әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ адал бизнесті қорғауға, қаржылық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.

t.me/aqorda_resmi