Мақсатыңыз бар ма? (жалғасы) Оқу ұзақтығы 30 секунд. ⠀ Кеше ма | Алмат Жайлаубаев
Мақсатыңыз бар ма? (жалғасы)
Оқу ұзақтығы 30 секунд.
⠀
Кеше мақсатты белгілеп, жазу керектігін жаздық. Бүгінгі тақырып:
⠀
2. Нақтылық.
⠀
Пабло Пикассо:
⠀
«Мақсатымызға дұрыс жоспарлармен ғана жетуге болады!
⠀
Тек жететінімізге сеніміміз мол, жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек.
⠀
Табысқа жетудің басқа жолы жоқ» – дейді.
⠀
Әуежайға бармас бұрын қайда ұшатыныңызды айқындап аласыз. Сол сияқты жоспар жасау үшін алдымен нақты не істейсіз және неге қол жеткізесіз, соны біліп алуыңыз шарт.
⠀
Яғни, арықтағыңыз келсе, нақты қанша келі тастайтыныңызды білуіңіз керек. Егер қаржылай еркіндікке қол жеткізгіңіз келсе, нақты қанша ақша керектігін есептеп алыңыз.
⠀
Бәрін қағаз бетіне түсіріңіз!
⠀
Тақырып күн өткен сайын қыза түседі. Жалғасын күтіңіз