Get Mystery Box with random crypto!

Ақтөбе облысы ардагерлерге қамқорлық жасауға бағытталған барлы | News of Aktobe region 🇰🇿

Ақтөбе облысы ардагерлерге қамқорлық жасауға бағытталған барлық жобаларды қолдайды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесіп, аға буын өкілдері мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Өңір басшысы ардагерлер кеңесінің ел дамуы мен жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, бұл бағыттағы барлық жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Бақтықожа Ізмұхамбетов облыс әкіміне ардагерлерге көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін алғысын білдіріп, өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған бірқатар бастамаларымен бөлісті.  

Кездесу соңында Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа салалық және бастауыш ардагерлер ұйымдарының санын көбейту, басқа елді мекендерден қоныс аударған ардагерлерді өз қатарларына және белсенді қоғамдық өмірге тарту шараларын қабылдау ұсынылды. 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі