Get Mystery Box with random crypto!

Ақтөбеліктер «Каспий» футбол клубын жеңді Бүгін Қазақстан чем | News of Aktobe region 🇰🇿

Ақтөбеліктер «Каспий» футбол клубын жеңді

Бүгін Қазақстан чемпионаты аясында «Ақтөбе» командасы өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдады.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов футбол матчын тамашалап, ойынға риза болды.

Өз алаңында жанкүйерлерді қуантқан ақтөбеліктер тағы да сенімді жеңіске жетіп, ел чемпионы атану деген асыл мұратқа тағы бір қадам жақындай түсті.

Кездесуде сондай-ақ 2009-2010 жылдары қыздар арасында ел чемпионы атанған «Ақтөбе» әйелдер командасын, сондай-ақ 2007 жылғы балалар арасында жеңімпаз атанған ақтөбелік жасөспірімдерді марапаттау рәсімі өтті.

Айта кетейік, футбол матчы қарсаңында қыркүйекте Қазақстанның үздік жаттықтырушысы атанған «Ақтөбе» бас бапкері Андрей Карпович пен өткен айда үздік гол соққан Руслан Камболовқа арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі