Get Mystery Box with random crypto!

Түзу сөйле. Жақсы ойда бол! ⠀ Өмірде кез - келген дүниенің сұр | “ТОП ЭКСПЕРТТЕР НАСТАВНИГІ”

Түзу сөйле. Жақсы ойда бол!

Өмірде кез - келген дүниенің сұрауы, ақысы бар екені рас. Қалаған дүниеміздің ақысын үнемі төлейміз, бірақ алғаннан кейін барып қана. Мысалы, магазиннен нан, сауда үйінен киім алғаннан кейін барып ақшасын береміз.

Бірақ өмірдің заңдылығы біз ойлағаннан басқаша. Бірінші ақысын бересің, кейін аласың.
Яғни сен не ойласаң, нені қаласаң Алла саған соны береді. Жақсылық ойлап ақысын берсең соған қарай Алла да саған өзің қалаған дүниені береді. Жамандық ойлап ақысын берсең тиісінше өзіңе керегін аласың.

Аллам бірінші маған жеміс бер мен кейін оны егемін, өсіремін деген заңдылық жоқ. Бірінші жемістің тұқымын аласың, егесің кейін жемісін көресің.

Қазіргі материалдық және рухани жағдайың сенің ойыңның, дәнегіңнің жемісі. Не ексең соны орасың, деген заңдылық.

Адамның әрбір ойы, қалауы уақыт өте келе шындыққа айналатынын ұмытпа!