Get Mystery Box with random crypto!

2021 жыл мен үшін қызық басталған болатын. Өзімше жоспар құрып | “ТОП ЭКСПЕРТТЕР НАСТАВНИГІ”

2021 жыл мен үшін қызық басталған болатын. Өзімше жоспар құрып, адамнан қатты күттім. Нәтижесінде плотно таяқ жедім. Қазақстанға келіп 1-2 ай то ли депрессия, то ли выгорнаия білмеймін әйтеуір есімді жия алмай жүрдім. Бірақ жүрек түбінде Алладан күткен үлкен арманым болды. Ол - қажылық. Қасиетті Мекке/Медине жеріне барып құлшылық ету.

Қасиетті Рамазан айы басталған сәтте ниет еттім. Осы қасиетті 30 күнде тахаджудке тұрамын, Алладан сұраймын, дедім. Білесің әр істе бастапқы ниетің қандай болса соңында нәтижең ниетіңе сай болады.

Оқыдым. Әр сәждемде Алламмен тілдесемін, сұраймын. Тахаджудке тұрамын. Бір күні жылаймын, бір күні күтемін, бір күні сенемін… әр сәт сан түрлі сезімдер

Аллахтың қалауымен 2022 аяқ басар сәтте ең көп сұраған дұғам қабыл болып, бір арманым орындалды.