Get Mystery Box with random crypto!

“Мән бермеуді үйреніп келемін” деген жауаптарыңыз ұнады өте | “ТОП ЭКСПЕРТТЕР НАСТАВНИГІ”

“Мән бермеуді үйреніп келемін” деген жауаптарыңыз ұнады өте дұрыс шешім.

Жалпы, біреуге ренжу ең бірінші өзіңе зиян. Көңілің, ойың бұзылады, энергияң жоғалады. Ой түбіне шомып “неге олай айтты, неге олай жасады” деген сұрақтарға өзіңмен өзің жауап беріп әлек боласың. Ал, ол уақытта сіздің басқа да пайдалы дүниеге уақыт арнауыңызға болады.

Мен ренжімеуге үйрендім, тиісінше ренжітпеуге де. Әлі де үйреніп келемін. Себебі, нәпсінің сені уысына түсіріп алуы тез - ақ.

Осыдан кейін “қалай ренжімеуге, көңілге алмауға болады?” деген сұрақтың қойыларын білемін. Кеңесім, Аллаға тапсырыңыз. Ол адамды жаратқан Алла оны сізден артық, тіпті оны өзінен артық біледі. Сізді ренжітетіндей әрекет жасады ма, Аллаға тапсырып сол болған жәйттен сабақ алыңыз. Бәрі уақытша, дегенді көңілге демеу етіп алыңыз.

Айналаңызға, өзіңізге қараңыз. Уақытыңызды біреуге ренжіп өткізетіндей соншалықты уақытыңыз көп емес. Өмірде біреудің сізге сыйлаған жағымсыз энергиясын арқалап жүргеніңізбен емес, өзіңізде бар болғаныңызбен бағалысыз