Get Mystery Box with random crypto!

түпкір там

Telegram арнасының логотипі adekvatniemisli — түпкір там Т
Telegram арнасының логотипі adekvatniemisli — түпкір там
Арна мекенжайы: @adekvatniemisli
Санаттар: Дәйексөздер , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 834
Арнадан сипаттама

немного и много обо всем

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2021-07-02 09:59:57 Мынандай ыстықта боянып жүретін қыздарға жаным ашиды.
30 views06:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 09:10:11 Меніңше, өмірдің ең үлкен сыйы бізге «сенің болғанын үшін рахмет» деп айта алатын адамдар.
62 views06:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 20:52:00 Қанша жерден мықтымын десең де, жанын құлазыған сәттерде иығына басыңды қойып, «менің көңіл-күйім жоқ» дегеніңнен-ақ түсінетін бір жан болуы керек екен.
127 views17:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 12:34:39 батыста салт-дәстүр жақсы сақталған деп айтпай-ақ қойыңдар. конкретно Маңғыстауда деп айтыңдар.
84 views09:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 12:27:45 батыста салт-дәстүр жақсы сақталған деп айтпай-ақ қойыңдар. конкретно Маңғыстауда деп айтыңдар.
58 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 10:00:10 «Күлкісіне қарап, бүкіл әлемнің күнәсін кешіруге болады».
121 views07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 22:46:09 ...Бір өзіңсің алысым да жақыным,
Көңіл бүгін жолға шықты жаяу іздеп, ақырын.
Бізді айырып, бөліп тұрған кедергі,
Саған барар сол бір үш жүз шақырым...

«Енді арамызда 300 немесе 3000 шақырым емес, жәй ғана бірнеше көшелер мен аялдамалар.»
138 views19:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 21:33:44 желі арқылы адамға бауыр басып қалу деген бармеді?
124 views18:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 20:49:01 Адамдар, #үзінділер деген хэштегпен шығып жүрген жазбалар менің шимай хикаямнан алынған үзінділер.
Ол дүние жарыққа шығады деп айта алмаймын. 300 бірдеңе адам ішінде менен бөлек 2 адам ғана жартысын оқып, сын айтқан.
149 views17:49
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 20:37:56 –Жалғыз жүрмеші. Қасыңа серік болатын адам тапсаңшы.
–Неғылды? Мен үйреніп қалғам
–Қойш, ботам, саған қарап жүрегім ауырып кетеді. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Сенің әр таңды жалғыз атырып, әр кешті жалғыз батыратыныңды көрмек түгілі, ойлаудың өзі мен үшін азап.
–Табиғатта мықты нәрсенің бәрі-бәрі жалғыз-жалғыздан. Жалғыздық - күштілік деп Оралхан Бөкей айтқандай
–Жалғыздыққа қатысты әр сөзді өзіңе байланыстырма. Нәзіктігің мықтылығың болса да, жалғыздығың мықтылық емес.
#үзінділер
148 views17:37
Ашу / Түсініктеме