Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Telegram арнасының логотипі abylaikenzhaly — Абылай Кенжалы
Арнадағы тақырыптар:
Ықылас
Бойдақтарға
Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 36.40K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2024-05-13 19:23:32 Ғалымдарымыз салиқалы жар табу үшін де осы дұға оқылатынын айтқан.

Өйткені келесі аятта былай делінді:

«Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің бірі имене келді…». (Қасас 25-аят)

#бойдақтарға
6.6K views16:23
Ашу / Түсініктеме
2024-05-13 15:47:42 Әйгілі лингвист Фәйруз Әбәди
өзінің бір сөзінде былай дейді:

«Ықылас – риядан аулақ болу».

Рия – адамды біржолата құртып тынатын ауру. Тек құлшылық амалдардағы рияны меңзеп отырғаным жоқ. Жалпы түгел өмірдің қып-қызыл рияға толуы.

Адамдардың сөзіне, ойына, сен туралы пікіріне әрдайым тәуелді болу. Тау қопаратын энергияңды басқалардың сен туралы ойына сарп ету.

“Киімім қалай, түрім қалай боп тұр екен, аяқ киімім шаң емес пе, мына сөзімді қалай түсінді екен, мен туралы қандай ойда қалды екен…” және тағы да осы секілді бітпейтұғын тәуелділік. Энергияңның барлығы осыларға кетуде.

Өзіңді қолға ал. Ешкім сен туралы ештеңе ойламайды. Бәрі өзінің қара басымен әлек. Басқаларға бірнәрсе дәлелдеу үшін емес, өзіңнің болашағың үшін амал жаса.
7.4K views12:47
Ашу / Түсініктеме
2024-05-13 15:33:53 Ықыласты болу өте қиын. Бірақ ықыласты болсаң, өмір сүру – өте оңай…

#ықылас_шынайылық
7.1K views12:33
Ашу / Түсініктеме
2024-05-12 16:02:50 «Алла ойыңа бір нәрсе салса, оны жасау сенің қолыңнан келеді. Жасап таста, тоқтама» – дейтін мотивациялық сөздер көп тарап кетті.

Ең қызығы, саған келген ой – Алладан ба, әлде шайтаннан ба екенін тек ізгі әулие ғалымдар ғана нақты айыра алады. Біз секілді бейбақтар үшін миымыздағы сан түрлі каша болып жатқан ойларды жік-жікке бөлу оңай емес.

Сол себепті басыңа келген әрбір оймен санаса берме. Білімділермен ақылдас, тәжірибелі адамдардың алдынан өт. Өз бетіңше тау қопаруға асығыстық танытпа.
11.9K views13:02
Ашу / Түсініктеме
2024-05-12 14:02:33 Алла елшісінің ‎ﷺ ең көп айтқан дұғасы.

Жүрек араб тілінде – қалб (قلب) деп аталады. Қалб – қазақ тілінде де қалып деп қолдынылады. Бір қалыптан екінші қалыпқа өзгеру.

Жүректің “әл-қалб” деп аталу себебі де осыда. Жүрек – әрдайым құбылушы. Бүгін мынаны қаласаң, ертең басқаны қалайсың. Бүгін бір затқа көңілің бұрса, ертең басқа затқа көңілің бұрады.

Ең қорқыныштысы, жүрек дәл солай әп-сәтте тура жолдан ауытқып, басқа жолға ынтық болуы да мүмкін.

Сол себептен Пайғамбарымыздың ‎ﷺ өзі әрдайым оны айтып әрі бізге үйреткен дұғасы:

اللهم يا مقلب القلوب ثبت قلبي على دينك

Уа, жүректерді құбылтушы Алла! Жүрегімді Өз дініңе бекем ет!

Осы дұғаны көп айту қажет.
10.9K views11:02
Ашу / Түсініктеме
2024-05-12 01:10:33 Жан-жақтан түрлі сынақтар келмейінше, мүмін иманның ләззатын сезіне алмайды.

Тәбиғин Суфиән әс-Сәури (рахимаһулла)
11.8K views22:10
Ашу / Түсініктеме
2024-05-11 19:11:38 «Шынайы тәубе – күнәлі амалды бұрын қалай жақсы көрген болсаң, сол амалды дәл солай жек көру. Әлгі күнә есіңе түскен сайын Алладан кешірім тілеу».

Хасан әл-Басри (рахимаһулла)

[Әл-фауаид әл-мутраға ]

Күнәға деген жиіркеніш сезімі туындамайынша сол бір күнәні тастау өте қиын.
12.6K views16:11
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 15:26:16 Өз ойыңды дұрыс жеткізе алмаудан артық қорлық жоқ. Басқаларға ойыңды анық жеткізе білу үшін кітапты тұрақты түрде оқу қажет екенін білеміз. Бірақ кітапты жәй ғана көз жүгіртіп оқу жеткіліксіз екен.

Араб лингвисті Мәнәф Бәғәж айтпақшы: “Сөз саптау шеберлігін арттырудың ең үлкен тәсілі – көз жүгірте кітап оқи беру емес, бәлки, кітапты дауыстап оқу” дейді.

#кітап_оқы
13.1K views12:26
Ашу / Түсініктеме
2024-05-06 18:50:03 Біз – соңғы жетпіс-сексен жыл аралығында адамзат өмірінде сан ғасырлар бойы қалыптасқан сана-сезімнен, наным-сенімнен адалану, мінез-құлық пен іс-әрекет мизанын мансұқтау, мәңгүрттену бағытында тәрбиеленген ұрпақпыз.

Дін бізге басымызды айналдыратын апиын ретінде, озықтық атаулыға бөгет ретінде, ескіліктің қалдығы, кешегінің кесірі ретінде ұғындырылып, оның тәрбиелік тағылымдарынан, рухани тазалықты талап етер шарттарынан ат-тонымызды ала қаштық.

Дінсіздік, құдайсыздық мақтанға айналды. Сөйтіп жүріп өзіміздің құлқымыз бұзылғанын, адал мен арамды айыра алмас кем ақыл, көн жүрек, көрсоқыр бола бастағанымызды білмей қалыппыз.

Әр нәрсенің күнгей және көлеңкелі жағы болатыны сияқты, діннің де рухани дәру болар дәрмені, дүниәуи қару болар қуаты, адамгершілік пен ақиқатқа бастар пәрмені барлығына мән бермедік, көңіл қоймадық, сөйттік те одан бірбеткей безіне бердік.

Бұрынғының бәрін талғаусыз тәрік етіп, жаңаның бәріне талғамсыз тәнті болдық.

(Мұхтасар 1992 жыл, Алғы сөз)
12.9K views15:50
Ашу / Түсініктеме
2024-05-05 17:00:40
Ең алғаш түскен бес аят. Бұл бес аятта ғылым-білімге қатысты бес сөз қолданылды.

Сол бесеудің екі сөзінде “оқы!” деп бұйырылса, қалған үш сөзінде “қаламмен жазуды үйретті, білмегенін үйретті” деп айтылды.

Бұл дін – ғылымның діні.

Шейх Әдһәм әл-Ғасими
12.6K views14:00
Ашу / Түсініктеме