Get Mystery Box with random crypto!

Біз мұсылман болғанымыз үшін үлкен бір зона комфортада жүрген | beklog

Біз мұсылман болғанымыз үшін үлкен бір зона комфортада жүрген секілдіміз.

«Раббымды таптым әрі Оның Елшісіне ﷺ шамам жеткенше еріп жүрмін.

Өліп кетсем де, түбі жәннатқа барамын ғой, осы уақытша өмірде дамып, зерттеп, оқып не керек?! Түбі ана жаққа кетеміз»- деген ішкі комфорттық бір сенім бар.

Бұл да лағынет атқырдың бір арбауы секілді.

Дүние істеріне келгенде еш өлмейтіндей қор жинап, ақіреттік ілімдерге келгенде түбі өлетінімізді еске алу – жасырын нәпсі қалауы емес пе?

Имам әл-Ғазали (رحمه الله) айтпақшы:

«Шынына келгенде, осы ілімсіздік себепті қаншама адам тура жолдан ауытқып кетті. Алланы дұрыс танымағандығы үшін сенімі әлсіреп, фиқһты дұрыс оқымағандығы үшін құлшылығы қате болып, сол нәрсемен қиямет күні қасірет шегіп қалмасына кім кепіл?!»

Иә, барлық адам ілім ізденуші немесе ғалым болуы парыз емес.

Бірақ, өзіңнің құлшылығыңды дұрыстайтын ілімдерді оқу – парыз айн.