Get Mystery Box with random crypto!

Жұмыс KZ

Telegram арнасының логотипі zhumys_kz — Жұмыс KZ Ж
Telegram арнасының логотипі zhumys_kz — Жұмыс KZ
Арна мекенжайы: @zhumys_kz
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 221
Арнадан сипаттама

«Іздегенге - сұраған», мұнда жұмыс іздегендерге бос орындар ұсынылады🔽
- Вакансияны жариялау үшін what's app-қа 87058324073 номеріне жазыңыз 📩
- По всем вопросам пишите на what's app 📥
instagram: zhumys_kaz

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-04-15 10:17:05 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылы түсірілетін тарихи телехикаялар актерлеріне кастинг жариялайды

Кастингке кәсіби актерлерден бөлек, халық арасынан шыққан кез келген азамат қатыса алады.

Биыл «𝐐𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧» ұлттық телеарнасы тарихи бағытта күйші Дина Нүрпейісова, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлы, ақын Мағжан Жұмабаев және әдебиеттанушы, академик Әлкей Марғұлан тұлғасына арналған телехикаялар түсіреді.

Продакшндар арасында арнаның бұған дейінгі сериалдарын өндірген «𝐌𝐮𝐫𝐀𝐢 𝐏𝐫𝐨𝐝𝐮𝐜𝐭𝐢𝐨𝐧», «𝐂𝐢𝐧𝐞𝐦𝐚 𝐂𝐨𝐦𝐩𝐚𝐧𝐲 𝟐𝟖», «𝐏𝐨𝐬𝐡𝐚𝐧𝐨𝐯 𝐩𝐢𝐜𝐭𝐮𝐫𝐞𝐬», «Сақ-дала», «𝟓 Студия 𝐓𝐕 𝐏𝐫𝐨𝐝𝐮𝐜𝐭𝐢𝐨𝐧», «𝐀𝐫𝐚𝐲 𝐌𝐞𝐝𝐢𝐚 𝐆𝐫𝐨𝐮𝐩», «𝐑𝐄𝐂 𝐦𝐞𝐝𝐢𝐚» компаниялары бар.

Дина Нүрпейісова туралы сериалға төмендегі рөлдерге кастинг жарияланады:
Кішкентай Дина (𝟖-𝟏𝟎 жастағы кезі)
Дина (𝟐𝟎 жастағы кезі)
Құрманғазы Сағырбайұлы (𝟒𝟓-𝟓𝟎 жастағы кезі)
Актерлерге қойылатын басты шарт – домбыра тарта алуы тиіс.

Мағжан Жұмабаев тұлғасына арналған сериал актерлері:
Мағжан Жұмабаев (𝟐𝟐-𝟐𝟖 жастағы кезі)
Сәкен Сейфуллин (𝟐𝟏-𝟐𝟕 жастағы кезі)
Сәбит Мұқанов (𝟏𝟕-𝟐𝟎 жастағы кезі)
Бейімбет Майлин (𝟐𝟑-𝟐𝟓 жастағы кезі)
Міржақып Дулатұлы (𝟑𝟎-𝟑𝟓 жастағы кезі)
Амангелді Иманов (𝟑𝟓-𝟒𝟎 жастағы кезі)
Әліби Жангелдин (𝟑𝟓-𝟒𝟎 жастағы кезі)

Міржақып Дулатұлы телехикаясына қосалқы актерлерге кастинг:
Мағжан Жұмабаев (𝟐𝟎-𝟑𝟎 жастар шамасы)
Сәкен Сейфуллин (𝟐𝟎-𝟑𝟎 жастар шамасы)
Мұхтар Әуезов (𝟐𝟎-𝟑𝟎 жастар шамасы)
Мұстафа Шоқай (𝟒𝟎-𝟒𝟓 жастар шамасы)

Әлкей Марғұлан телехикаясына негізгі және қосалқы актерлер:
Әлкей Марғұлан (𝟐𝟎 жастағы кезі)
Әлкей Марғұлан (𝟓𝟎 жастағы кезі)
Қаныш Сатбаев (𝟔𝟎 жастағы кезі)
Мұхтар Әуезов (𝟐𝟓 жастағы кезі)
Мұхтар Әуезов (𝟓𝟎 жастағы кезі)
Шафик Чокин (𝟓𝟎 жастағы кезі)
Әбікен Бектұров (𝟔𝟎 жастағы кезі)
Александр Затаевич (𝟔𝟎 жастағы кезі)
Василий Бартольд (𝟓𝟕 жастағы кезі)

Өтінімдер 𝟐𝟎𝟐𝟐 жылғы 𝟏𝟓 мамырға дейін 𝐜𝐚𝐬𝐭𝐢𝐧𝐠@𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байқау шарттары:
Кастинге қатысушы аты-жөні, байланыс нөмірін көрсетіп,
- Дене бітімін толықтай көрсететін және ірі пландағы суретін; - Ойнайтын образда түсірілген суретін;
- Ойнайтын образымен 𝟏 минуттық видео жіберуі тиіс.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 𝟖 (𝟕𝟏𝟕) 𝟐 𝟕𝟓 𝟕𝟐 𝟑𝟎.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұдан бөлек, «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілім жұмыстарына дайындықты бастады. Түркі халықтарына ортақ тұлға бейнесіне арналған сериал үш жыл мерзім аралығында Түркия және Өзбекстан елдерімен бірлесіп түсіріледі.

Өзге жанрлардағы отандық сериалдар бойынша, өткен жылы эфирде жоғары рейтинг көрсеткен «Ақжауын» және «Күйеу бала» телехикаяларының екінші маусымын түсіру жайында шешім қабылданғанын хабарлаймыз.
190 views07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 10:17:02
74 views07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 19:27:19 Астана
Әкімшілік ғимараттың кіре берісіне күзетші ер адам қажет.

- Күндізгі кезек (смена) 12 сағат;
- 5 жұмыс күні, сенбі мен жексенбі демалыс;
- Еңбекақы: 130000-150000 тг-ден басталады.

87719045265
91 views16:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 16:51:28 Астана

"Мұнара тв" телеарнасына тәжірибелі продюсер қажет

Байланыс тел:
+7 776 236 34 39
157 views13:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 14:28:44 Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары

Іскерлік бағыттағы медиа жобаға шығарушы редактор, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан видео, фото монтаждауды білетін әмбабап адам, дизайнер-графист, 2 SMM маманы, сату менеджері керек.
Кеңсе Алматы қаласында, жұмыс уақыты 09.00-18.00, 5 күндік. Айлық келісімді.
Жоба менеджері керек. Міндетіне медиа саласындағы қоғамдық ұйымға, коммуникациялық агенттіктің сату бағытындағы жұмыстары кіреді. Орыс тілін білуі және көлігінің болуы құпталады.

Резюмені +7 7019590709 уатсап нөміріне жіберуге болады.
154 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 14:12:59
2022 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекет басшысының халықтың әл – ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмасын және Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легіне өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған оның 1089-ы жастар үшін және 930-ы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/349234?lang=kk



@KZ_MLPPS_NewsChannel
138 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 13:03:03 Алматы қаласынан
YouTube каналға қазақ тілді журналист керек.

Бастысы видеомен жұмыс істей білуі шарт. YouTube немесе ТВ, диджитал медиа саласынан тәжірбиесі болса. Жалақысы жоғары, штат қарастырылған.

Резюмені:ertorenews19@gmail.com поштасына жіберсеңіздер. Сізге өзіміз хабарласамыз!
130 views10:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 12:51:59 Ақтау қаласы

Жекеменшік балабақшаға тәжирибелі тәрбиеші маманы қажет.
Мекен жайы: 24шағын аудан.
Тел: 87757946014
123 views09:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 12:38:42 Алматы қаласы

Жатақхана меңгерушісі қажет

Лауазымдық міндеттері: - Жатақхананың қызмет көрсетуші мамандарының жұмысын басқарады;
- Жатақханаға келгендердің орналасуын жүзеге асырады, жатақханаға орналасқан және шығып кеткен азаматтардың уақытылы және дұрыс тіркелуін қадағалайды;
- Бөлмелерді жиыстыруды ұйымдастырады және ұйықтайтын бөлмелерде және ортақ пайдалану орындарында тазалықтың сақталуын қадағалайды;
- Жатақхана электр желісінің, байланыстың, су құбырының, канализацияның және жабдықтың дұрыс жұмысын қадағалайды;
- Мүліктің және басқа да қажетті мүліктің берілуі мен қабылдауын қамтамасыз етеді;
- Жатақханадан шығатындардың аралап шығу парағына белгі қояды немесе берешегі жоқ екені туралы анықтама береді;
- Қолданыстағы мүліктің есебін жүргізеді, оны мерзімдік тексеруді және сақталуын қамтамасыз етеді;
- Қажет болған жағдайда мүлікті, жатақхана тұрғындары бүлдірген немесе жоғалтқан материалдық құндылықтарды шығынға жатқызуға актілерді құрастырады, белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардан олардың құнын өндіруге құжаттарды рәсімдейді;
- Жатақхананы қажетті мүлікпен, жабдықпен, құрал-жабдықпен және өртке қарсы қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, өртке қарсы қорғау ережелерінің орындалуын бақылайды;
- Санитарлық және өрт қадағалау жазба кітабын, сонымен қатар арыздар мен шағымдар кітабын жүргізеді, көрсетілген кемшіліктерді жою, жатақханада тұратындар және қызмет көрсету персоналы арасында пайда болатын даулы жағдайларды шешу бойынша шараларды қабылдайды;
- Мәдени-бұқаралық және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Еңбекақы: 80 000 теңгеден басталады

8 (727) 295-58-70;
8 747 136 62 68
Гульнар Турсынгалиевна.
124 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 12:17:54 Маңғыстау облысы Құрық ауылы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қажет
Талап:
- жауапкершілігі болуы тиіс және ұжыммен тіл табыса алғаны жөн;
- қазақ тілін білу міндетті.

8 702 786 83 68 Курбангул
100 views09:17
Ашу / Түсініктеме