Get Mystery Box with random crypto!

Құран Кәрімде: وَذَكِّرْ فَإِنَّ الذِّكْرَى تَنفَعُ الْمُؤْمِ | 🌸 Жұлдыздың Жазбасы 🌸

Құран Кәрімде:

وَذَكِّرْ فَإِنَّ الذِّكْرَى تَنفَعُ الْمُؤْمِنِينَ

«Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді» («Зарияті» сүресі, 55-аят),-дәп әмір етеді. Салауат – зікірдің бір түрі. Салауат – Алла Тағалаға мадақтау мен Пайғамбарына игілік пен сәлем айту дұғасының жиынтығы. Салауаттың қасиеттері жайлы аяттар мен хадистер негізінде 40 хикметі табылған. Ендеше, сол хикметтері мен сырларын назарларыңызға ұсынамыз:

Салауат – Алла Тағаланың әмірін орындау;

Салауат – Алла Тағаланың сөзімен қатар жүреді. Алла Тағаланың Пайғамбарға салауаты – мақтау және шарапат көрсету болса, мұсылманның салауаты – Алла Тағаладан тілегін сұрап дұға ету;

Салауат – Періштелердің Пайғамбарды мақтауы. Салауат айтумен мұсылманның тілегі, періштелер тілегімен ұштасады;

Бір салауат – Алла Тағала тарапынан он жарылқауға себеп;

Бір салауат – мұсылманның мәртебесін он есе көтереді;

Бір салауатқа – он сауап беріледі;

Бір салауат – он қателікті жуып шаяды;

Дұғадан алдын айтылған салауат тілектің қабыл болу үмітін арттырады;

Салауат – Пайғамбар (ﷺ) шапағатына лайық болудың бірден-бір себебі;

Салауат – күнәнің кешірілуіне себеп;

Салауат – Алла Тағала тарапынан адамның уайым-қайғысының кетуін қамтамасыз етеді;

Салауат – қиямет күні Пайғамбарға (ﷺ) жақын тұруға себеп;

Салауат – жағдайы төмен адам айтса, садақаның орнын басады;

Салауат – мұң-мұқтаждықтың өтелуіне себеп;

Салауат айтушыны – Алла Тағала жарылқайды, оған періштелер дұға жасайды;

Салауат – айтушының жан дүниесін тазартады;

Салауат – адамның тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленуіне себеп;

Салауат – қиямет қорқынышынан құтылуға себеп;

Салауат – ұмытқан нәрсені тез еске түсіруге көмектеседі;

Салауат айтсаңыз, сәлеміңізге Пайғамбар (ﷺ) жауап қайтарады;

Мәжіліс басында салауат айту – жиынға берекет келтіреді және азын-аулақ кемшіліктерді жояды;

Салауат – кедейлікті жояды;

Салауат – мұсылманның сараңдығын жояды;

Салауат – Пайғамбарымыз жазғырған адамдар қатарынан құтқарады;

Салауат – жәннатқа апатарын жолға жетелейді;

Салауат – Алла Тағаланы тілге алмайтын мәжілістен сақтайды;

Салауат – сөзді толықтырушы дұға. Әр маңызды әңгіме Алла Тағалаға мақтау және Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтумен басталады;

Салауат – қыл көпірде мұсылманға мол нұр сыйлайды;

Салауат – адамды дөрекіліктен құтқарады;

Салауат арқылы Алла Тағала сізді жер мен аспанды мекен еткен жаратылыс арасында жақсы атқа лайық етеді;

Салауат – адамның өзіне, амалына, өміріне және әрбір оның мүддесіне қажетті шаруада берекет береді;

Салауат – Алла Тағаланың рақыметіне бөленуге себеп;

Салауат – мұсылманның Пайғамбарына (ﷺ) деген ұдайы сүйіспеншілігінің белгісі;

Салауат – Алла Елшісінің (ﷺ) сүйіспеншілігіне себеп;

Салауат – мұсылманның тура жолда жүргенінің белгісі;

Салауат – айтушының аты-жөні Пайғамбар (ﷺ) құзырында ескерілуіне себеп;

Салауат – қыл көпірде мұсылманның аяғы нық болуына және аман-есен өтуіне себеп;

Салауатпен – үмбеті ретінде аз да болса Пайғамбар (ﷺ) алдындағы   борышы өтеледі;

Салауат – адамзатқа жіберілген ең үлкен нығмет Пайғамбар (ﷺ) үшін Алла Тағаланы зікір ету және шүкіршілік білдіру сөздерін қамтиды;

Салауат – дұға, ол дұғада мұсылман Раббысына ең абзал адамға, яғни Алланың досы Пайғамбарға (ﷺ) мақтау айту, оның мәртебесі мен дәрежесінің ұлғаюуын сұрайтын дұға.

Мұхаммед Ибраһим