Get Mystery Box with random crypto!

Сандық платформалардың мәні Цифрлық платформалар деп тікеле | zhomartkz

Сандық платформалардың мәні

Цифрлық платформалар деп
тікелей өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және бөгде пайдаланушылардың бірнеше топтары арасында транзакцияларды жүзеге асыру жолымен құндылықтар жасауға бағдарланған гибридтік құрылымдарды (фирмалар, қоғамдастықтар және технологиялық жүйелер гибридтері) айтады.

Сандық платформалардың артықшылықтары. Платформалық бизнес-модельдің негізгі артықшылықтарының бірі - дәстүрлі делдалдық институтының рөлін және субъектілер үшін транзакциялық, операциялық, уақыттық және өзге де шығындарды төмендету болып табылады. Мәселен, PricewaterhouseCoopers халықаралық компаниясының сауалнама нәтижелеріне сәйкес жолаушылар тасымалы платформаларын пайдаланушылардың 56 % – ы (Uber, Lyft, Zipcar, RelayRides, Car2Go және т.б.) ең жақсы баға алды, 32 % – нарықтағы неғұрлым кең таңдау және 28% - қызметтерге неғұрлым ыңғайлы. Сонымен бірге, бұндай платформалар жаһандық нарықтар мен құнды қалыптастыру тізбектеріне салыстырмалы түрде арзан қолжетімділікті ұсынады. Мысалы, мобильді қосымшаны App Store немесе Google Play платформаларына орналастыру немесе Amazon, eBay, Taobao платформалары арқылы әртүрлі өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы кәсіпкерлер бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион әлеуетті тұтынушыларға жедел қол жеткізе алады.

Нарыққа кіру кедергілерінің төмендеуі, басқалармен қатар, жеке, шағын және орта кәсіпкерліктің өсуін ынталандырады. Мәселен, қолдан жасалған бұйымдар мен винтажды заттарды сатуға мамандандырылған Etsy электрондық коммерция платформасының Британдық сатушыларының шамамен 43% - ы Etsy-дің кәсіпкерлік қызметін бастаған алғашқы сауда алаңы болды деп мәлімдеді. Ал респонденттердің 36 % - ы бұл платформасыз олар мұндай қызметпен айналысуы екіталай екенін атап өтті.

Платформалық бизнес-модельдер шеңберінде пайдаланылатын сервистік тәсілдер және тұтыну шамасына қарай ыңғайлы төлем нысандары тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің ассортиментін кеңейтуге және сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жеткізушілерде транзакциялық шығындар мен үстеме шығындардың төмендеуі тұтынушылар үшін бағаның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жиналған дербес деректері оларға қатысушыларымен өзара іс-қимылды, оның ішінде өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру және дербестендіру жолымен дараландыруға мүмкіндік береді және олар (бөлісу платформалары) пайдаланылмаған активтерді экономикалық қызметке тартады.

Сандық платформалармен байланысты қауіптер. Процессордың қызметіне байланысты негізгі қауіптердің бірі – жеке деректердің құпиялылығы мәселесі. Процессорлар қатысушылардың үлкен деректерін жинайды және өңдейді. Олардың барлық әрекеттері мен жеке мәліметтерін қадағалайды және арнайы жарнама жасау, не жосықсыз бәсекелестік үшін қолдана алады.

Сонымен қатар, бірқатар басқа да маңызды мәселелерді атап өтуге болады:

- платформалық компаниялардың қызметін нақты және икемді халықаралық және ұлттық заңнамалық реттеудің болмауы;
- платформалардың өз пайдасын тұтынушыларға қатысты жыртқыш баға белгілеу тетіктерін де, жеткізушілерден жоғары комиссиялық алымдарды да барынша арттыру мақсатында пайдалануы;
- платформа қатысушыларында жалдамалы қызметкерлер сияқты құқықтардың, жеңілдіктер мен преференциялардың (зейнетақылар, төленетін демалыстар және т. б.) болмауы, себебі платформаға қатысушылар штаттық қызметкерлері болып табылмайды және тәуелсіз орындаушылар ретінде әрекет етеді;
- платформа өнім берушілердің өнімдері мен қызметтеріне тарифтерді өзі белгілеген жағдайларда бағаның болжанбауы немесе құбылмалылығы салдарынан өнім берушілер кірістерінің тұрақсыздығы проблемасы;
- жеткізушілердің техникалық қызмет көрсету шығындарын және күрделі шығындарды өз қаражаты есебінен жүзеге асыру қажеттілігі (мысалы, Uber такси жүргізушілері автомобильді пайдалану, отын, амортизация және сақтандыру шығындары үшін жауап береді);
- транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және тағы басқалар.

@zhommart