Get Mystery Box with random crypto!

'Қазір ал да, кейін төле' деген жарнама ұраны жастарға ерекше | zhomartkz

"Қазір ал да, кейін төле" деген жарнама ұраны жастарға ерекше әсер еткен секілді. Себебі Қазақстанда несие алатын жастардың саны жыл сайын көбеюде. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 22 жасқа дейінгі 80,5 мың азамат өмірлеріндегі алғашқы несиелерін ресімдеген.

Бірінші кредиттік бюроның сараптамасына сәйкес, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары көрсеткіш. Ал жаңа клиенттерге берілген несиенің орташа мөлшері 320 мың теңгені құраған.

Жалпы, қазақстандықтардың алатын несиенің 85%-дан астамы смартфондар, сымсыз құлаққаптар және басқа электроника сатып алу үшін қолданады екен. Сонымен қатар жастар скутер мен мопедтерді сатып алуға, қарыздарды өтеуге, жалға алу шығындарын өтеу үшін несие алады. Айта кететін жайт, қарыз алушылардың тек 5%-ы ғана бұл ақшаны білім алуға және өз ісін ашуға жұмсайды.

Несие алу ең алдымен қаржылық және психологиялық тұрақты азаматтарға ұсынылғандықтан, қаржыгерлер несие және микроқаржы алудың шекті жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді ұсынады.

@zhommart