Get Mystery Box with random crypto!

Шымкентте қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш бала ауыр жа | Zheltok

Шымкентте қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш бала ауыр жарақат алып, балалардың анасы қаза тапты.

Қайғылы оқиға 26 тамызда түнгі сағат 2.00 шамасында Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшелерінің қиылысында болған.

«Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған балалардың анасы қайтыс болды. Оның үш баласы жараланған. Балалардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Көлік тізгінінде отырған күйеуі жеңіл жарақат алған», - делінген хабарламада .

Жол апаты Toyota Camry және Audi A8 маркалы екі көліктің көше қиылысында соқтығысуы салдарынан болған.

«Toyota Camry көлігін жүргізіп келе жатқан 29 жастағы азамат Бозарық көшесінен Көшеров көшесіне бұрылған сәтте Audi A8 көлігінің 2000 жылы туған жүргізушісі Төлеметов көшесімен Бозарық жаққа бұрылған», - делінген ақпаратта.

Соқтығыс болған кезде бағдаршам жанып тұрған. Қазір полицейлер жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

@zheltok01