Get Mystery Box with random crypto!

Айгүл Әділова «Хабар 24» телеарнасының директоры болып тағайын | Zheltok

Айгүл Әділова «Хабар 24» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы мәлімдеді.

«Хабар 24» телеарнасының директоры болып белгілі тележурналист, тәжірибелі, білікті маман Айгүл Әділова тағайындалды», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Берік Уәли Әділованың осыған дейін «Еуразия» бірінші арнасында тілші, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі болғанын, «Хабар» агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асқанын, тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік еткенін, БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы екенін айтты.

Фото алынды khabar.kz

@zheltok01