Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир | Zheltok

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамырдың ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Фото алынды akorda.kz

@zheltok01