Get Mystery Box with random crypto!

Телеграмның браузер нұсқасы ресми қазақшаланды Телеграмды ком | Сәуегей сағыз

Телеграмның браузер нұсқасы ресми қазақшаланды

Телеграмды компьютердегі браузер арқылы қолдансаңыз, онда https://web.telegram.org/k/ сілтемесін ашып, Баптау (үш сызық) бөлімшесіндегі тілдер тізімінен Қазақ тілін таңдай аласыз. Жоғарыдағы скринде көрсетілген.

- бұл жақсы бастама, өйткені енді Телеграм қазақ тілін басқа платформаларына да (андроид, iOS) ресми қоса бастайды деген сөз.

- біз сізден тек Телеграмның қазақшасын тұрақты қолдана беруді сұраймыз.

- егер сізде Телеграм қазақша болмаса, мына сілтемеге басып, ауысып алыңыз: https://t.me/setlanguage/kk-beta.

- телеграмды барынша көп адам тұрақты түрде қазақша қолданса, тілдің ресми статус алу ықтималдығы артады.

- телеграмды @QazaqshaJaz еріктілері қазақшаға аударып, үнемі жаңартып отырады. Аударманы мына чатта талқылауға болады: https://t.me/translation_kk.

Рахмет.

@QazaqshaJazChat