Get Mystery Box with random crypto!

Телеграм қазақшаға жақындап келеді. Телеграм қолданбасы соңғы | Сәуегей сағыз

Телеграм қазақшаға жақындап келеді.

Телеграм қолданбасы соңғы кезде танымал боп бара жатқандықтан, жергілікті қолданушыларға арналған жаңалықтар арнасын аша бастады.

Қазір @tginfo арнасын 12 тілде оқуға болады, енді 13-ші боп қазақ тілі де қосылды. Қазақша нұсқасының мекенжайы міне: @tginfokk. Осы арнаға тіркеліп, Телеграмның соңғы жаңалықтарын бақылап отыра аласыз.

Маңызды: егер Қазақстанда Телеграм бұғаттала бастаса, прокси-серверді @tginfokk арнасы жасап береді.
____
Айтпақшы, @QazaqshaJaz белсенділері Телеграмды қазақшаға аударғанын білесіз бе? Телеграмды қазақшаға ауыстыру үшін мына сілтемеге бассаңыз, жеткілікті: https://t.me/setlanguage/kk-beta.

Жазбамызды бөлісе отырыңыз - бұл біз үшін маңызды.

#ҚЖжаңалық