Get Mystery Box with random crypto!

Дінсіз адамның тәуекелін, болашаққа деген сенімділігін, ештеңе | zheke arna

Дінсіз адамның тәуекелін, болашаққа деген сенімділігін, ештеңеден қорықпайтынын көргенде, өзімнің діндар бола тұра, ірі-ірі мақсаттар қоюға, жоспар құруға ("ой, болмай қалса ше?" деп) тартынып, тәуекелге бармай жүргеніме ұялдым. Алладан ұялдым.

Асылы, менің сенімділігім – Аллаға деген, яғни, Алла мені кез келген жағдайда қолдайды деген сенімділігім болуы керек еді ғой. Бүкіл әлемнің раббысы сенің жағыңда тұрғанда, сенің қорқуың, тәуекел етпеуің, ірі-ірі мақсаттар қоймауың, жоспар құрмауың қылмыс қой. Әсіресе, дінсіз адамның өзі осыны істеп жүргенде.

02.03.2023
Буэнос-Айрес
Аргентина

#рухани_әңгіме
#күнделік