Get Mystery Box with random crypto!

Пенде болған соң қателесеміз, өзгерістің, жетістіктің ертегіде | Жеке күнделік / Мотивация

Пенде болған соң қателесеміз, өзгерістің, жетістіктің ертегідегідей тез болғанын қалаймыз. Іс жүзінде олай емес! Кез келген жетістік уақытты, еңбекті талап етері сөзсіз! Десе де, көпшілігіміз бірінші, екінші сəтсіздіктен кейін-ақ арманымыздан бас тартып, «Бұл мен үшін емес!», «Менде шешендік өнер жоқ!», «Менің қолымнан келмейді!» деп істеп жүрген ісімізді орта жолдан тастап кете саламыз. Осылай мақсатымыз жолындағы күресте оңай жеңіле саламыз! Көз алдыңызға елестетіңізші, егерде жаңадан жүруді үйреніп жүрген нəресте бір-екі құлағаннан кейін «Мұнымнан түк шықпайды!» деп жүруді үйренуді тоқтатса, ол болашақта өзінен-өзі жүріп кете ала ме? Олай бола қоймас. Əр жығылған сайын нəресте келесі талпынысын тоқтатпайды. Үлкендер сияқты жүруге деген ұмтылысы соншалық, əрбір сəтсіздігінен сабақ алып, үстел жағалап, кереге жағалап, ақыры жүруді, жүгіруді үйренеді. Сіз бен бізге керек үлкен бір қабілет – сəтсіздіктен сабақ алу. Ұлы адамдардың өміріне көз жүгіртетін болсаңыз, олар сəтсіздіктен сабақ алудың шебері екеніне тəнті боласыз.