Get Mystery Box with random crypto!

#1 Істі кейінге қалдыру әдетінен арылу жолдары. 1. Миымыз кез | Жеке күнделік / Мотивация

#1 Істі кейінге қалдыру әдетінен арылу жолдары.
1. Миымыз кез келген істің нәтижесін бірден көруге, дереу рақаттануға бейім. Сондықтан жалқаулығын жеңе алмай жүрген жандар нәтижесі бірден болмайтын үлкен істерді шағын бөлімдерге жіктеп, орындалатын уақытын белгілеп қойған дұрыс.
2.Бір істі жасайтын кезде ми бірден ол істің ең күрделі, қиын жағын ойлайды. Мұндай кезде істің қиындығына мән бермей, бірден бастап жіберу керек. Ынта кейін өзі - ақ пайда болады. Кез келген жұмыстың басталуы-ол істің, тіпті 80% біткендігімен парапар.
3.Кейде «іс еш мінсіз, аса керемет дәрежеде болу керек» деген максималистік психология оны кейінге қалдыруға себеп. Біз істің кереметін күтіп жүргенде, уақыт зулап өтіп кетеді де, ол сол күйі өзгеріссіз қалады.