Get Mystery Box with random crypto!

Фитнес жаттықтырушы Крейг Баллантайн ұйқы сергек болуы үшін бі | Жеке күнделік / Мотивация

Фитнес жаттықтырушы Крейг Баллантайн ұйқы сергек болуы үшін бірнеше затты тыю керек дейді. Сондықтан "10–3–2–1" формуласын жасап шыққан.

Оның мәні мынадай:

ұйқыға 10 сағат қалғанда кофе ішпеу керек;
3 сағат қалғанда тамақ ішпеу керек;
2 сағат қалғанда жұмыс істемеу керек;
1 сағат қалғанда экранға қарамау керек.

Осы қағиданы сақтаған адамның ұйқысы қанып, сергек ұйықтап, таңертең оңай оянады дейді Баллантайн. Ол мұны өз тәжірибесіне сүйеніп жасаған. Оның қарамағында жаттығып жүргендер осы қағиданы сақтаған соң, ұйқы режимін қалыптастырып, күндіз өзін ширақ сезінген.