Get Mystery Box with random crypto!

~адамдардың көпшілігі мәселенің шешуін ақшаға әкеліп тіреп қоя | Жеке күнделік / Мотивация

~адамдардың көпшілігі мәселенің шешуін ақшаға әкеліп тіреп қояды, бақытсыз болуларына тек ақшаның жетіспеушілігін кінәләйді.сондықтан мысал ретінде ақша туралы сөздерді көп қолданып жатырмын, мысалға, күнде жиі еститін "ақша жоқ, ақша өмірі жетпейді, оңай ақша қайдан"," басым ауырып тұр, көңіл күйім жоқ" дегендерді алсақ, біз осындай сөздерді күніне бірнеше рет естиміз және біреулердің басы біріксе ауыздарынан осы немесе осыған ұқсас сөздер жиі шығады. бұған ешкім кінәлі емес, бұл біздің түпкі санамызға сіңіп қалған, сондықтан автоматты түрде ауыздан шығады


ал енді осыларды дәл қазір "ақша көп, мен үшін ақша жеткілікті, ақша маған оңай келеді"," мен өзімді керемпт сезініп тұрмын, көңіл күйім тамаша"деп өзгертіп көрейік

екінші айтылған жақсы сөздерге бір айтқанда сендіңіз бе? Әрине, жоқ! СЕНБЕЙСІЗ! Сіз емес, оған ми сенбейді. Бір-ақ рет айтылғанда, сіздің санаңыз ондай жаңалықты, жақсы сөздерді, жақсы әдеттерді бірден қабылдамайды...



"ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт"-Камшат Бекжігітова