Get Mystery Box with random crypto!

Тәуекел.Разы болу (Е.Ақатаев уағызынан) Мысалы, сізге асар, к | Жан саясы✨

Тәуекел.Разы болу (Е.Ақатаев уағызынан)

Мысалы, сізге асар, көмек керек болды.Мешітке барып, бесін намазын оқып алдыңыз. Сол жерден танитын бауырларыңызды көріп, өтіндіңіз."Ертеңге көмек керек еді",-деп.Сізді 20 шақты адам естіді .Сонымен, келесі күні сізге көмектесуге 3-ақ адам ғана келді.

Сол 3-еуі АЛЛАНЫҢ СІЗГЕ ҚАЛАҒАНЫ

Қалғандары не үшін келмеді, не болып қалды деген тақырыптарға кірмеңіз."Достар осындай кезде танылады ғой",-деп айтпаңыз
Ол тәуекел етуші адамның ісі емес.

Сол 3-еуінде ХАЙЫР бар сізге
Тәуекел етіп, Алланың қалауына разы болып, ісіңізді бастап кете берсеңіз, талай жұмыс бітеді сол жерде.Ал 3-еуімен жанағы әңгімеге кірісетін болсаңыз, "Бауырмашылдық қайда? Айтып, жасамағаны несі? деп отыра берсеңіз, жұмыс бітпейді.Солай сөйлеп, сөйлеп, жаман ниеттеріңізбен қайтасыздар, болды.

Тәуекел-Оған разы болу.Жақсылық берсе ғана емес.Ұнамайтын нәрсе болып жатырса да.Претензия жоқ.Ол не істеп жатырғанын біледі.Сіз Оның Даналығына сенесіз.Разысыз.