Get Mystery Box with random crypto!

Баяғыда ел арасында “Қалқансыз батыр” атанып кеткен бір батыр | Жан саясы✨

Баяғыда ел арасында “Қалқансыз батыр” атанып кеткен бір батыр өмір сүріпті. Қандай соғыс болсын,жауға шапшасада қалқанын қолға алмай қалқансыз соғысады екен деседі. Өзі алғыр,қайтпас-қайсар жауынгер болған екен. Алайда күндердің күнінде “Қалқансыз батыр” соғысқа аттанар алдында қалқанын алдыртыпты.
Сонда қасындағы жауынгерлер:
“Әй батырым неге өйттің ,саған соғыста қалқан керек емес еді ғой”-десе, Қалқансыз батыр былай депті:
“Иә түсініп тұрмын нені меңзеп тұрғаныңды, менің қалқаным ол-анамың маған жасаған дұғасы еді. Ал енді өкінішке орай дұға жасап,менің тілеуімді тілеп отыратын анам қайтты. Сондықтанда мына қалқанды соғысқа ала кетуге мәжбүрмін”-деген екен.