Get Mystery Box with random crypto!

Іздеген сұрақтарыңызға ҚҰРАННАН жауап табыңыз: 1. Неге мен сы | Жан саясы✨

Іздеген сұрақтарыңызға ҚҰРАННАН жауап табыңыз:

1. Неге мен сынақ көру керекпін?

Жауап: "Бақара" сүресі, 214-аят.

(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей жәннатқа кірулеріңді ойлайсыңдар ма? Оларға, ашаршылық, ауру-науқас келді. Сондай-ақ пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: "Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?"- дегенге дейін қиыншылықта тербетіледі. Естеріңде болсын. Негізінде Алланың жәрдемі жақын.

2.Неге менің қалағаным болмайды?

Жауап: "Бақара" сүресі, 216-аят.

"Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайыры болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла Тағала біледі, сендер білмейсіңдер.

3.Неге дәл менің басыма осындай жағдай түсті?

Жауап: "Бақара" сүресі, 286-аят.

"Алла Тағала кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді: істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы өз зиянына."

"Бақара" сүресі, 5-6-аяттар.

" Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар."

4.Мен шаршадым!

Жауап: "Әли Имран" 139-аят.

"(Мұсылмандар!) Босамаңдар да қайғармаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар."