Get Mystery Box with random crypto!

Бізде бір қателік бар. Қашан бізге бір мусибат (қайғы) келсе, | Жан саясы✨

Бізде бір қателік бар. Қашан бізге бір мусибат (қайғы) келсе, біз адамдарға мұңымызды айтамыз. Ол саған не айтады? Оныңда басында дәл сонда проблема... тақуалық жүрегінде болса, сабырлыққа шақырып аздап жеңілдетер. Алайда, сізді жаратқан Алла секілді толық мусибаттан арылтпайды. Кезінде Яқуб пайғамбар не деді? Ол Юсуф пайғамбарды (баласын) жоғалтып жылап-жылап екі көзінен ажырап қалды. Қасындағылар осылай жалғаса берсе өлесің дегенде ол: иннәмә әшкуу бәс̃с̃ии уәхузнии! - Мен шерімді, қайғы-мұңымды айтамын!

Кімге?

илаллаһ - Аллаға! - деді. Осылайша екі жанары қалыпқа келіп, Юсуфты жолықтырды.

Алла елшісі ﷺ ға: Алты ай Алладан, Жәбірейіл періштеден ешбір уахи, аян түспеді. Пайғамбарымызда қатты күйзеліс болды. Мені Алла ұмытты ма? Мен Раббымды ренжіттім бе? - дегендей. Алайда, духа сүресінде айтылғандай Раббымыз: мә уәддәъакә раббукә уәмә қалә - Раббың сені тастап кетпеді, саған ренжіген де емес! - деді. Ибраһим пайғамбарды еске алайықшы. Оны жалындаған отқа тастап жатқанда Жәбірейіл көмекке келген кезде не деді?

Әй Жәбірейіл! Сенің көмегіңе мен мұқтаж емеспін! Менің Раббым бар! - деді. Сол-ақ екен Раббымыз: йә нәру куунии бәрдәу уәсәләмән ъалә Ибрәһиим! - Уа, от, Ибраһим үшін салқын һәм қауіпсіз (залалсыз) бол! - деп бұйырды. Перғауынның әйелі Әсия анамызды еске алайықшы. Анамызды күннің астына ыстық топыраққа қыздырып үстіне алып тасты қойды емес пе?

Анамыз не деді?

Уа перғауын болды қойшы! - демеді. Бәлки, рабби бни лии ъиндәкә бәйтән фиил жәннәти уәнәжжинии мин фиръаунә уәъамәлиһи уәнәжжинии минәл қаумиз залимиин! - Раббым! Мен үшін Өз құзырыңда, жұмақта бір үй тұрғызғайсың! Мені Перғауыннан және оның жаман ісінен (зұлымдығынан) сақтай көр! Мені бұл залым қауымнан құтқара көр! - деді. Осылайша анамыздың үстіне ауыр тасты лақтырып, езіп өлтіріп жатқанда, өлімнің ауырлығын сездірмес үшін Раббымыз жәннатағы үйін көрсетті ғой, осылайша өлімнің ауыртпалығын көрмеді емес пе?!

Түсінесіз бе? Сізді барлық қайғы-мұңнан арылтатын жалғыз нәрсе, ол Аллаға ғана айту. Одан басқа мүмкіндік жоқ! Ештеңе жоқ!

Юнуста Раббысына жалбарынды. Жоғардағы айтылған жандар секілді біздің де қайғы-мұңнан яки қиындықтан арылуымыз үшін бір ғана шарт екен.

Раббымыз: фәстәжәбнә ләһу уәнәжжәйнәһу минәл ғамм - Біз оның да дұғасын қабыл алып, еңсесін басқан қайғы-мұңнан айықтырып, қиын-қыстау жағдайдан құтқардық. (яғни Юнустың дұғасына жауап берген)

Бізді де осылай жарылқау үшін нестеуім керек? - десек, Раббымыз: уәкәз̃әликә нунжиил му'миниин - Біз тек шынайы мүміндерді осылай құтқарамыз! - дейді.

Яғни біздегі шарт тек шынай мүмін болу болып тұр ғой. Шынайы, таза ықыласпен, Раббым! - деп дұға ету болып тұр. Ешқашан қайғыңызды адамға айтып жеңілдеймін, - деп үміттенбеңіз... тек Аллаға! Аллаға! Болды!

Алла шынайы мүмін болуымызды нәсіп еткей!