Get Mystery Box with random crypto!

Алла жолында шейт болған адамның иісі мисктің иісіндей хош бол | Жан саясы✨

Алла жолында шейт болған адамның иісі мисктің иісіндей хош болады. Ал енді ораза ұстаған адамның ауызынан шығатын иіс Алланың құзырында мисктен де күшті.

Субхаана Алла! Алла жолында шейт болған адамның иісі мисктей болса, ораза тұтқан кісінің ауызының иісі сол мисктен де күшті. Оразаның дәрежесі сондай ұлық болғаны ғой. “Ораза Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін” деген Алла.

P/S: Ол иіс Алланың құзырында, адамдардың емес. Сондықтан аузымыз берік болса да барынша таза ұстауға тырысуымыз қажет. Ал ауызы берік адамнан жағымсыз иіс шығып қалса, оны ренжітпей, түсінікпен қарауымыз қажет. Ол аштық себебімен асқазаннан шыққан иіс, мейлі ауызын тазалаған болса да. Мисуак қолдануды кеңес етемін. Әрі фиқһ кітаптарында келгендей мисуактан бөлінетін сұйықтық оразаға еш зиян бермейді. Мисуакты жуынатын жерде пайдаланған абзал, адамдардың көзінше емес. Өйткені өзге біреу бұл әрекетіңізден жиіркеніп қалуы мүмкін. Немесе мүмкін болса барынша жасырынып тазалап алыңыз.

Ораза қабыл болсын