Get Mystery Box with random crypto!

СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Telegram арнасының логотипі zhanqurbym — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ С
Telegram арнасының логотипі zhanqurbym — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ
Арна мекенжайы: @zhanqurbym
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 26.37K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-08-20 20:24:48 Қайырлы түн, жақсылар. Түн тыныш болсын, тәтті ұйықтаңыздар
2.3K views17:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 18:26:03 Қыздар, кеше көбіңіз подкасттың жалғасын сұрап едіңіздер, енді сіздер үшін 2-ші бөлімін дайындап қойдық. Пайдалы болып жатқанымыз үшін қуаныштымыз
2.7K viewsedited  15:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 16:02:17 1-КҮННІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Өзіңіздің араласатын адамдарыңызға анализ жасаңыз. Кімнің жанында өзіңізді жақсы сезінесіз, ал кімнің жанында ыңғайсыз күйге түсесіз?

Бәрін қағазға жазып, нәтижесінде сізді ыңғайсыз сезіндіретін адамдармен араласуды күннен-күнге тоқтата бастаңыз.

Бұл «орта маңызы» деп аталады. Кіммен аралассаңыз, соған ұқсап кетесіз. Ортаңызды да дұрыс таңдай біліңіз
3.1K viewsedited  13:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 14:02:05 САМООЦЕНКАНЫ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН 7 ӘДІС

1. Үнемі кешірім сұрай беруді доғарыңыз
Мысалы, бір жерге кешігіп келсеңіз, “кешіккенім үшін кешірім сұраймын”-деп басыңызды төмендетпей, жымиып “Күткеніңіз үшін рақмет”-деп айтсаңыз болады. Әр істі минус емес, плюс жағынан қарастыруға тырысыңыз.

2. Таза ауада спортпен айналысыңыз
Денеңізді спортпен қыздырып, бітіміңізді қалыпқа келтіре бастағанда, өзіңізге деген құрметіңіз қалай артып кеткенін де аңғармай қаласыз

3. Өзіңізге күнделікті күтім жасаңыз
Бетіңізге, дене бітіміңізге, шашыңызға, киіміңізге, жейтін тамағыңызға дейін күтіп қараңыз.

4. Зона комфортадан шығыңыз
Төменгі самооценканы көтеруге көмектесетін тағы бір әдіс- өзіңізге ыңғайсыз іспен айналысу. Мысалы, таныс емес адамдармен тез сөйлесіп кете алмайсыз ба, керісінше, жаңа таныстық орнатып көріңіз. Ән айту менікі емес деп санасаңыз, ән айтып байқап көріңіз.

5. Үнемі ізденіс үстінде болыңыз
Жаңа іс бастау алғашқыда қиын болса да, білім алып, өзіңізге сенім артуды тоқтатпаңыз.

6. Жетістіктеріңізді жазып жүріңіз
Әр күн соңында өзіңіздің сол күнгі жетістіктеріңзді қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Кіші, үлкен деп бөлмей, жетістігіңізге риза болыңыз.

7. Әлсіз тұсыңыз бен мықты тұсыңызды бір-біріне қарсы қойыңыз
Өзіңіз жайлы жазу қиын болса, бұл ретте достарыңыз бен жақын адамдарыңыздың көмегін сұрасаңыз болады.

Ал, супер жаңалық дегеніміз ол сіздерге дайындаған 7 күндік челлендж!

Яғни, 7 күн бойы сіздерге 1 тапсырмадан беріп отырамын. Сол арқылы әрқайсымыз өзімізді бағалау бойынша ішкі әлемімізбен жұмыс істейтін боламыз. Бүгінгі бірінші тапсырма сағат 19:00-де шығады.

Ал енді пікірге өз ойларыңызды жаза кетіңіздер
3.4K views11:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 12:43:24 КОНКУРС

Шарттары: Біздің осы «Сен жалғыз емессің» телеграм каналымызбен құрбы,әпке,аналарыңызбен бөлісу. Төменге сілтемесін қоямын. Кім көбірек адаммен бөліседі, сол жеңімпаз атанады

Каналға тіркелуге ұсыныс тастап, әдемі сипаттаңыздар

Сілтемені қанша адамға жібергеніңізді дәлел ретінде скриншотпен сақтап, осында пікірге қалдырып кетіңіз.

Жеңімпаз сыйлығы: 1000 тг единица

Конкурс 24 сағатқа жалғасады

СІЛТЕМЕ: t.me/zhanqurbym
3.4K viewsedited  09:43
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 12:03:44 Кеше самооценка тақырыбын бастап едік, бәріңіздің айтарыңыз жиналып қалыпты

Біреуіңіз өзіңізді жақсы көрсеңіз, біреуіңіздің көңіліңіз толмайды екен...

Бірақ, қыздар, естеріңізде сақтаңыздаршы, сіз өзіңізге көңіліңіз толық болғанда ғана, көңіл-күйіңіз де керемет болады, бүкіл әлем сізге күліп қарап тұрғандай сезімде жүресіз.

Сол үшін, өздеріңізбен жақсылап жұмыс жасауларыңыз керек. “Сыртқы келбетім, мінезім ұнамайды”-демей, әрқайсымен жеке жұмыс жасасаңыздар, алынбайтын қамал жоқ

Енді сіздерге осы тақырыпта «Самооценканы көтеруге көмектесетін 7 әдіс» тақырыбында пайдалы ақпарат бергім келіп тұр. Пайдалы ақпараттың соңында СУПЕР жаңалығым болады

Бірақ, ең алдымен сіздердің араларыңызда конкурс ұйымдастырсам деймін!!

Конкурс шарттары 15:40-та шығады, дайын отырыңыздар
3.7K views09:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 09:00:54 Жұма мүбәрәк болсын! Бүгінгі күндердің сұлтанында тілеген барлық дұға-тілектерімізді Алла қабыл еткей

#берекелі_жұма
3.9K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-19 17:02:31 Сіздердің жауаптарыңызды оқып шықтым. Енді сіздерге Лаура Сейтбектің «Самооценка және денсаулық» тақырыбындағы подкастын ұсынғым келеді

Тыңдап, өздеріңізге қажет пайдасын сіңіріп алыңыздар
1.9K viewsedited  14:02
Ашу / Түсініктеме