Get Mystery Box with random crypto!

КЕШІРІМ БЕРУ - АЙТУҒА ҒАНА ОҢАЙ Үзінді «Сен жалғыз емессің» к | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

КЕШІРІМ БЕРУ - АЙТУҒА ҒАНА ОҢАЙ

Үзінді «Сен жалғыз емессің» кітабынан алынды:

«Әрине, кешірім беру - айтуға ғана оңай. Опасыздық, сатқындық, жамандық жасаған, ауыр сөздермен жаныңды жаралаған адаммен қайта байланыс орнатып, түк болмағандай өмір сүру оңай емес. “Кешірдім” деп аузымыз айтқанмен, шын кешіре алдық па? “Шын кешірмегенімді қалай білуге болады?”-десең, әлгі адамды көрген сәттегі өзіңнің көңіл-күй мен ішкі сезімдеріңе мән бер. Ішіңде алай-дүлей басталса, “кешірдім” деген ренішіңді жай әрірек тығып қойғаның ғана болып шығады. Реніш ешқайда жоғалған жоқ, тек үстін басқа сезімдер басып жатыр деген сөз»

Үзіндіні оқып, қандай ой түйдіңіз?