Get Mystery Box with random crypto!

Қайырлы күн, қыздар! Бүгінгі демалыстарыңыз тәтті өтсін деге | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Қайырлы күн, қыздар!
Бүгінгі демалыстарыңыз тәтті өтсін деген ниетте сіздерге ПАНКЕЙК РЕЦЕПТІСІН ұсынамын. Өздеріңізге, отбасыңызға дайындап, жақсы уақыт өткізіңіздер

Қажет заттар:
• 2 жұмыртқа;
• 3-4 ас қасық қант;
• 240 мл жылы сүт;
• 200 г ұн;
• 1 шай қасық разрыxлитель;
• 60 г сұйық май.

Дайындау тәсілі:
Жұмыртқаны, қант пен сүтті бірге араластырамыз. Ұн мен разрыxлительді араластырып, жұмыртқаның үстіне салып, тағы да бірге араластырасыз. Ең соңынан май құясыз. Табаны әбден қыздырасыз. Табаға майдың қажеті жоқ. Құрғақ табаға панкейкті екі жағы алтын түстес болғанша пісіріп аласыз. Нәтижесінде, дәмді панкейк аласыз

#СЖЕ_рецепт