Get Mystery Box with random crypto!

ОРТАНЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАЙМЫЗ? Негізі, біздің араласатын, уақ | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

ОРТАНЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАЙМЫЗ?

Негізі, біздің араласатын, уақытымыздың көп бөлігін бірге өткізетін ортамыз біздің дамуымызға да әсер етеді. Бірақ, ортаны дұрыс таңдауға көшпей тұрып, өзіңізге жақсылап талдау жасаңыз. Өзіңіз жалқау болып тұрып, жалқау адамдарды менсінбей жүрмеңіз. Жақсы ортада болу үшін, ең бірінші өзіңіз жақсы адам бола біліңіз.

Өзіңіздің мақсатыңыз бен бұл өмірде не қалайтыныңызды анықтап алыңыз. Мақсаттарыңызға қалай жеткіңіз келеді? Соған байланысты, өзіңізге дамушы орта іздеңіз, немесе сол дамушы ортаны өзіңіз қалыптастырыңыз.

1. Қазір араласатын ортаңызбен мақсаттарыңыз сәйкес пе? Өмірлік қағидаларыңыз ұқсас па? Қандай жетістікке жетуге талпынып жүрсіздер? Осы сұрақтардың жауабы бір-біріне сәйкес келсе, демек, олар сіздің ортаңыз, бірге өсесіздер, дамисыздар. Ал егер, мүлдем сәйкес келмесе, бұл сіздің ортаңыз емес. Өзіңіздің көзқарастарыңызбен сәйкес келетін ортаны іздей беріңіз.

2. Өзіңізге сұрақ қойыңыз “менің және қазір араласып жүрген ортамның жетістікке жету тәсілі қандай?”-деп. Егер олардың әлдеқандай бір нашар жолмен жетістікке жету ойы болса, олардан өзіңізді аулақ ұстаған жөн.

Бұл 2 әдіс көп жағдайда ортаны дұрыс таңдауға көмектеседі.

#СЖЕ_пайдалы_ақпарат