Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ЖОЛДАУДЫ БАЛАЛАР АРҚЫЛЫ БЕРУІ Егер рухта | Жанат Бақыт

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ЖОЛДАУДЫ БАЛАЛАР АРҚЫЛЫ БЕРУІ
Егер рухтарға есеңгіреп қалған ересек адамның санасына ену қиындық туғызса, олар өз жолдауларын жеткізуде дәнекер болуға балаларға жүгіне алады. Санасы күмәнмен шектелмегеніне, тылсым құбылыстардан үрікпейтінідігіне орай, балалармен жұмыс жасау жеңілірек келеді. Дәнекер бала жиі марқұмның отбасынан таңдалып жатады. Бұл Жерде қалған туыстарымен байланыс орнатуға талпынып жатқан рухқа, әсіресе бұның бәрі бір үйде өткен жағдайда, өте көмектеседі. Келесі Субъект – өз үйінің ауласында жүрек талмасынан қырық екі жасында қайтыс болған ер адам.


7-УАҚИҒА
Д-р Н.: Қазаңызға орай, қайғыға батқан, әйеліңізді қалай жұбатып жатырсыз?
СУБЪЕКТ: Әуелі Ирэнді энергиямның құшағына алғым келді. Бірақ бұл істе тәжірибем аздау (Субъект II Деңгейге жатады). Қайғысын бассам деймін, бірақ қолымнан келмей жатыр. Қоштаспай кеткім келмей, мазам қатты қашып тұр.
Д-р Н.: Тынышталып, еппен жалғастыра беріңіз. Осы қиын жағдайдан қалай шыққаныңызды айтып беріңізші.
СУБЪЕКТ: Көп ұзамай, Ирэнді он жасар қызымыз Сара арқылы, тыныштандыра алатынымды ұқтым.
Д-р Н.: Сара өзіңізді қабылдайды деп ойлайсыз ба?
СУБЪЕКТ: Қызым екеуміздің арамызда ерекше байланыс бар. Өмірден озғаныма байланысты, ол да қатты қайғыруда. Дегенмен, оның қайғысын уақиғаның оқыс орын алғанынан туындаған қорқыныш ығыстырып шығарды. Сара бұның бәрін әлі сезініп болған жоқ. Жиналып қалған көршілер әйелімді жұбатып жатыр. Жатын бөлмемізде жалғыз отырған Сарамен ешкімнің шаруасы жоқ.
Д-р Н.: Сіз бұны мүмкіндік ретінде қарастырып тұрсыз ба?
СУБЪЕКТ: Иә, және Сара, шындығында, тірі екенімді сезетіндіктен, жатын бөлмеге келгенімде, менен тараған толқынды қабылдауға қабылеттірек болды.
Д-р Н.: Жақсы, содан соң екеуіңіздің араңызда не болды?
СУБЪЕКТ: (терең күрсінеді) Әйтеуір, реті шықты! Қолына алған тоқыма сымдар арқылы Сараға жылу жолдағанымда, ол бұны бірден сезді. Сосын бұл сымды, мойын омыртқасына апаратын трамплин ретінде пайдаланып, иегінің астына дейін жеттім. (Субъект тоқтап,күле бастады).
Д-р Н.: Не болды?
СУБЪЕКТ: Иегін қыттықтағаныма Сара сықылықтап күліп жатыр. Ұйқыға кетер алдында, ылғи, осылай қытықтайтын едім.
Д-р Н.: Қазір не істеп жатырсыз?
СУБЪЕКТ: Мені көшеге алып шығып, жедел жәрдем машинасына салған соң, жұрт тарады. Ирэн, көршімен бірге, машинаға мініп ауруханаға барар алдында, киіну үшін жатын бөлмеге кірді. Бір жағынан ол да қызымызға көз қырын салып қойғысы келді. Сонда Сара анасына қарап тұрып. «мама, саған ешқайда барып қажеті жоқ, әкем осында – менің қасымда, жаңа ғана иегімді қыттықтағанын сездім!» – деді.
Д-р Н.: Сонда әйеліңіз не істеді?
СУБЪЕКТ: Ирэннің көзі жасқа толып кетті, бірақ бастапқыдағыдай еңірей жөнелмеді. Өйткені Сараны қорқытқысы келмей, қызын құшағына алды.
Д-р Н.: Ирэн өзі Сараны фантазиясы деп санағанға берілгісі келмей жатыр ма?
СУБЪЕКТ: Ол әлі сеніп тұрған жоқ. Бірақ мен онымен байланыс орнатуға әзірмін. Ирен қызымыздың қолын ұстай сала, жетіп келіп, екеуіне де толқынымды жолдадым. Тап Сарадай болмаса да, Ирэн де мені сезді. Екеуі көздерін тарс жұмып, кереует шетіне, бір-біріне тақалып отырды. Осылай, үшеуміз бір сәт бірге болдық.
Д-р Н.: Осы күнге ойға алғаныңызды жүзеге асырдыңыз ғой, иә?
СУБЪЕКТ: Иә, осы жеткілікті. Енді маған кететін кез келді, үйімнен жайымен қалқып шығып, жоғарылап барып, аспанмен астасып кеттім. Ұзамай, өзімді Гидім күтіп тұрған бір шуақты кеңістікке ендім. (МАЙКЛ НЬЮТОН "ЖАН МҰРАТЫ")