Get Mystery Box with random crypto!

Майкл Элониге ПЕРІШТЕЛЕР МЕКЕНІНЕ Саяхаты жайлы қатты айтқысы | Жанат Бақыт

Майкл Элониге ПЕРІШТЕЛЕР МЕКЕНІНЕ Саяхаты жайлы қатты айтқысы келді. Бірақ сенбей ме деп қорықты. Алайда түйсігіне жүгініп, ақыры айтпақ болады.
Элони бірнеше сағат тапжылмай тыңдады. Бір күлді, бір жылады, бір мұңайды.
Сөйтсе Элони де тегін қыз емес екен. Періштелер еліне саяхат жасамаса да, Рухани тұрғыда ізденіп, неше жылдан бері өзін зерттеп жүрген жан екен. Періштелерден ақпаратты түс арқылы алатын көрінеді. Оған да Майклмен кездесетіні жайлы аян берген екен.
«Бірақ өмірлік жарым тұқым сатумен айналысады деп еш ойламаппын» деп рахаттана күлді Элони. Майкл да, 7 періште де қосыла күлді.
Жаратушы екеуіне алдымен қыз береді. Оған «Вайолет» (КҮЛГІН) деген есім береді.
Бұл құрметке қуанған Күлгін кішкентай ханшайымның түсіне жиі еніп, ғажап әңгімелер айтып беретін. Вайолет өскен соң түсіне үнемі Күлгіннің енетінін айтты. Күлгінді Вайолеттің кіндік анасы етеді.
Көп ұзамай дүниеге ұл бала келеді. Есімін «РЕД» (қызыл) қояды.
«Тамағын шашып ішетін Реджан» деп күлетін Майкл.
Үшінші ұлдың өмірге келетінін екеуі де білді.
Сөйтіп өмірге Майклдың аузынан түскен, аумайтын сары бала туылады. Оған «Майклтомас» деген есім қояды.
Осымен Майкл туралы романымыз расында аяқталды.
Айтпақшы. Ұмытып барамын.
Бір күні түнде Майкл бөлмесінен Кемпірқосақтай түрлі түс беріп тұрған жеті Періштені көреді. «Ақжүрек Майкл, саған сыйымыз бар, жүр» деп бөлмеден шығып кетеді. Майкл олардың соңынан жүреді.
Майкл мен Элони екеуі тойда түскен фотосының қасында ата-анасының суреті пайда болыпты. Періштелер уақытша алған суретті қайтарып күлім қағып тұрды.
Бұл романды оқыған оқырман, «Өмірде былай болуы мүмкін емес!» деуі мүмкін.
Ал біз- «Періштелер» «Бәрі сен ойлағандай емес!» дегіміз келеді. Ғажайыпқа сеніңіз! Ғажайыптар міндетті түрде орындалады! Бұған біз КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ!!!
СӘЛЕМНЕН: КРАЙОН.