Get Mystery Box with random crypto!

Осы жерден біз Майкл Томаспен қош айтысамыз. Үшінші көзі ашыл | Жанат Бақыт

Осы жерден біз Майкл Томаспен қош айтысамыз.

Үшінші көзі ашылған Майкл түйсігі, яғни қолындағы картасы оған дұрыс жол сілтейтінін, ішкі АҚИҚАТ семсері  қараңғылықта ЖАРЫҚ көрсететінін, жоғарғы вибрациядағы жүрегі қажет кезде ФА  нотасын айтатынын біледі.

Махаббат үйінде көрген көрінісі Майклдың жүрегінің  әр жасушасында сақталып қалды.

Адамдар арасында күтіп тұрған «МАХАББАТ» АТТЫ ҚАСИЕТТІ КҮШТІ табу - «Қазіргі Жаңа Майкл» -ға ешкім бөгет бола алмайды. Майкл ізденісі сәтті болатынына жүз пайыз сенімді еді.

Майкл ОНЫМЕН бір планетада тұрып бөлек жүре алмайтын, бір-біріне магнит сияқты тартылатын, екеуінің арасында мықты контракт құрылған, өзінің шынайы махаббатын табуға  СЫЙ ретінде екінші мүмкіндік алғанын түсінді.

Майкл қызғылт шашты, аққұба өңді, көкшіл көзді ғажап қызды іздейді. Сүйіктісінің жердегі есімін білмесе де, ол оған еш кедергі емес. Элонидің энергиясы оның рухының қараңғылығындағы доп сияқты.

Енді өмірге келетін сәбилері  туралы ой оның өмірлік гүлін тез табуға ықпалын тигізеді деп сенді. Адамзат тыныстайтын Ауа - Рухани ізденіс пен Махаббаттың энергиясымен электрленген. Майкл оны міндетті түрде тауып алады. Және оны тапқанда көзінің қарашығындай сақтайды.  Сосын оның хош иісіне өмір бойы шомылып, құшақтап, Құдай берген табиғи сұлулығына тәнті болады. Ол да Майклдың іздеп тапқанын күтуде.

Періштелер Майклдың мақсатына жететініне нақты сенімде болып жымиды. Өйткені Майкл Томас шын мәнінде Үйде еді...

Соңы.