Get Mystery Box with random crypto!

​Оқушылардың күзгі және көктемгі мерзімі қысқаруы мүмкін   14 | @Zhanalyqtar_Kz

Оқушылардың күзгі және көктемгі мерзімі қысқаруы мүмкін

 
14 маусым 2021 12:31


inbusiness.kz
Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылдарына арналған мектеп оқушыларының каникул мерзімі туралы жобасын Ашық НҚА порталына жариялады. Бұдан былай оқушылар күзгі каникулда 8 күн (өткен жылы 10 күн), ал көктемде 11 күн (өткен жылы 12 күн) демалады.
Ашық НҚА порталындағы бұйрықтың мәтіні біраз уақыттан кейін жаңартылды. Онда күзгі каникул – 8 күн (2021 жылғы 25 қазан мен 1 қараша аралығында) деп өзгертілді.
Жарияланған құжатта көрсетілгендей, оқу жылы бұрынғысынша 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 — 2022 оқу жылының ұзақтығы және каникул мерзімдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан аралығында), (өткен жылы 10 күн);
қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),
көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында); (өткен жылы 12 күн)
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).
Айта кетейік, бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Сондай-ақ, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.