Get Mystery Box with random crypto!

Бізді алаңдатып отырған мәселе Ресейдің БҰҰ жарғысының негізгі | Жаңалықтар 🇰🇿

Бізді алаңдатып отырған мәселе Ресейдің БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына қарсы агрессиясы - Блинкен

Энтони Блинкен "Ресей Федерациясы тарапынан Орталық Азияға қауіп төніп тұрған жоқ па?" деген сұраққа да жауап беріп, мәселеге тоқталды.

Бізді алаңдатып отырған мәселе тек Ресейдің Украинаға агрессиясы және Ресейдің онда жасап жатқан барлық сұмдық әрекеті емес, БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына қарсы агрессиясы. Біздің принциптеріміз бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған деп санаймыз. Соның ішінде Сіздің аймағыңызда да. Сондықтан барлық елдің бірігіп, Ресей агрессиясына қарсы тұруы Украинаны қорғау үшін ғана емес, сонымен бірге осы принциптер үшін маңызды. Егер олар бұзылса, Ресей өз агрессиясын басқа елдерге қарсы бағыттай алады. Сонда кейбір елдер Ресейге қарап, "Ресейдің қолынан келсе, біз де істей аламыз" деп ойлауы мүмкін. Біз мұны тоқтатуымыз керек. Сондықтан барлық мемлекет жиналып, бұған "жоқ" деуі маңызды

Хатшының айтуынша, ол Ресей Федерациясының алдағы жоспарлары туралы білмейді, бірақ бәрі Украинадағы жағдайдың шешілуіне байланысты екеніне сенімді.

@qaz365kz