Get Mystery Box with random crypto!

Оптимист экономистер инфляцияны тым ерте жеңіп кеткенге ұқсайд | Жаңалықтар 🇰🇿

Оптимист экономистер инфляцияны тым ерте жеңіп кеткенге ұқсайды

Айбар Олжаев "Қазақ елі инфляция нәубетін еңсере бастады" деген фейсбук сараптамасында Ұлттық Банктің базалық сценарийі бойынша биылғы жылдық инфляция 9-12 пайыз болуы керек деп жазады. Және оның үш факторын келтіреді.

Бірақ сарапшы базалық сценарийге ғана сүйеніп, басқа факторларды елемегенін, әлде әдейі жасырып қалғанын көріп отырмыз. Мысалы, 2023 жылғы қаңтарда жылдық инфляцияның өсуін жалғастырып, 20,7%-ды құрағанын неге айтпаған?

Оның ішінде қымбаттауы 25,7%-ға дейін жеткен азық-түлік өнімдері проблемасының шешімі де тілге тиек етілмеген. Үкіметтің инфляцияны ауыздықтаудағы рөліне баға берілмеген.

Ия, айлық инфляция төрт ай бойы баяулауын жалғастырды. Бірақ, айлық инфляцияның төмендегеніне қарамастан, ол бәрібір орташа тарихи мәндерден жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Бұл жағдайда қалайша "біз инфляцияны жеңдік" деп жар салып жазуға болатынын түсінбедік.

Экономикада бәрібір жоғары инфляциялық орта сақталғанын естен шығармау керек. Бүгінгі күтулер ертең өзгеріп кетуі мүмкін.

Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың сөзі бойынша, биылғы қаңтарда Қазақстанда нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы төмен база есебінен 5,6%-ды құрады. Тауар өндірісі 2,3%-ға, қызмет көрсету саласы 7,6%-ға өсті. Тұтынушылық кредиттеудің өсуіне, жоғары инфляциялық күтулерге орай азық-түлікке жатпайтын тауарлар саудасының өсуі сақталуда. Бұл азық-түлікке жатпайтын импорттың артуына әкеледі.

https://t.me/dalainside